Руководителю соц


Тақырып № 3. Қанайналым жеткіліксіздігі, түрлері, жалпы сипаттамасы



бет10/37
Дата26.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#143512
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
МодульССС.27.06.10.-каз-doc

Тақырып № 3. Қанайналым жеткіліксіздігі, түрлері, жалпы сипаттамасы.
Мақсаты: Жүрек жеткіліксіздігінің этиологиясы және патогенезі бойынша сұрақтарды меңгеру
Дәрістің жоспары:

  1. Жүрек жеткіліксіздігі, түсінігі, түрлері

  2. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі, себептері, Ф. З. Меерсон бойынша сатылары, патогенезі.

  3. Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрі, себептері, патогенезі

  4. Жүрек жеткіліксіздігінің қауырт (жүректік демікпе, өкпенің ісінуі) және созылмалы (ісінулер, көгеру, ентігу, тахикардия) түрлеріндегі негізгі қанайналымдық өзгерістер

Дәрістің тезисі
Жүрек жеткіліксіздігі – жүректің насос ретінде ағзалар мен тіндерді зат алмасуына қажетті сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмайтын жағдайын айтады.
Жүрек жеткіліксіздігі дамиды:

  • Шамадан тыс артық қызмет атқаруынан, жүректің зорығуынан;

  • Миокардтың біріншілік бүліністерінен;

  • Перикардтың біріншілік бүліністерінен

  • Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан;

  • Жүрек бүліністерінің біріккен бұзылыстарынан.

Жүрек бөліктері бүліністерінің басымдығына қарай жүрек жеткіліксіздігінің түрлері :

  1. Сол қарыншалық

  2. Оң қарыншалық

  3. Толық

Ағымына қарай: қауырт және созылмалы
Жүрек оралымының кезеңдерінің жеткіліксіздігіне қарай

    1. Систолалық (жүректің насостық қызметінің бұзылуы →жүрек шығарымының төмендеуі)

    2. Диастолалық (гипертрофияға немесе фиброзға байланысты сол қарынша қабырғасының босаңсуы мен қанға толуының бұзылуы → диастолалық соңы қысымның жоғарылауы)

Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі
(Миокардтың артық ауыр жүктемесінен кейін дамиды және созылмалы іркілулік жүрек жеткіліксіздігіне әкеледі).
Зорығудың түрлері:

  1. Қан көлемімен зорығу («жүрек алдылық жүктеме»)

    • Гиперволемия

    • жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі→диастола кезінде жүрек қуыстарының қанға толуының ↑

    • жүректің ұзақ мерзімдік бейімделулік гиперфункциясы

  2. Кедергіден немесе қысымнан зорығу («жүрек соңы жүктемесі»)

  • жүрек қақпақшалары тесіктерінің тарылуы

  • қолқа саңылауы тарылуы

  • үлкен және кіші қан айналым шеңберінің артериялық гипертензиясы → систола кезінде жүректен қан шығарылуына кедергінің ↑



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет