тамырлардың жиырылуын туындататын ренин және ангиотензинге айналдырушы ферменттің (ААФ) көп мөлшерде түзілуі;
тамыр қабырғасы миоциттерінің гиперплазиясы және гипертрофиясы;
тамырлардың тонусын эндотелий тәуелді өзін-өзі реттеу тетігінің бұзылуы. Тамыр тарылтатын эндотелиндердің өндірілуінің артуы және тамырды кеңейтетін ықпал-нитроксидтің (NO) өндірілуінің азаюы.
Артериялық гипертензияның тәжірибелік түрлері (әйгіленімдік артериялық гипертензия) 1. Орталық-ишемиялық гипертензия Миды қоректендіретін артерияны (омыртқалық, ұйқы) байлау немесе жануарлардың миының үлкен цистернасына каолин енгізеді және ликвордың ағып кетуі бұзылады ®мидың ишемиясы ® тамыр межеқуатының жоғарылауы ® АҚ
2.Невроздың үлгісі Жоғары дамыған жануарларларда неврозды ми қыртысында тежелу мен қозу үрдістерінің соқтығысуы, яғни «қақтығысы» арқылы алынады.
Рефлекстік гипертензия «тежелуден шығу гипертониясы»
Иттер мен қояндарда екі жақтан Цион және Людвиг және Геринг синокаротидтік депрессорлық жүйкелерін кесу (Гейманс үлгісі, 1931-1937; Н.Н.Горев үлгісі, 1939) ® ық кардиовазомоторлық прессорлық орталыққа депрессорлық жүйкелер арқылы афференттік серпіннің түспеуі ®вардиовазомоторлық орталық межеқуатының тұрақты жоғарылауы ® АҚ тұрақты жоғарылауы
Бүйректік артериялық гипертензиялар
Бүйректік-қан тамырлық (реноваскулалық) тәжірибелік үлгісін Гольдблат, 1934ж. алған: екі бүйрек артериясын тарылтатын сақина салған