8. ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. Б. 505-519.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред.
А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 - 221.
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 494-516
Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого,
Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 С.539-547.
5. Патологическая физиология. Учебник, п/р А.Д.Адо, В.В.Новицкого, Томск, 1994г., стр. 377 -381.
Қосымша:
6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 273 - 291.
7. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 576 - 595.
8. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 165-195
БАҚЫЛАУ
(сынамалық тапсырмаларды орындау)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 365-381 б. жинағының негізінде құрылды
СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№ 1 тақырып. Асқазан-өңештік кері лықсу ауруының патофизиологиясы
Мақсаты:
Асқазан-өңештік кері лықсу ауруының этиологиясы және патогенезін өз бетінше оқу.
Тапсырмалар:
1) Сұрақтар бойынша оқу материалын талдау:
Асқазан-өңештік кері лықсу ауруы (АӨКЛА) пайда болуының себептері.
АӨКЛА кезіндегі бұзылыстардың патогенезі.
АӨКЛА асқынулары
АӨКЛА патогенездік емдеудің ұстанымдары
2) Сынамалық тапсырмаларды шешу. Қойылған сұрақтарға жауап беру.
СӨЖ орындау түрі:
Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, ашық сынамалық тапсырмадарды орындау, қойылымдар, эссе құру, реферат жазу
Орындалу және бағалау критерийлерін «Білімді бағалау ережелері мен критерийлері»
2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі
«Асқорыту жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау.
Тапсырма: Сынамалық тапсырмаларға жауап беру
Өңештің қызметі бұзылуының негізгі себептері A)….. B)…….C)……..
АӨКЛА патогенезінің негізгі тізбегі ……..
Өңештің төменгі қысқышының межеқуатын төмендететін жайттар,
A)….. B)…….C)……..D)………E)……..Ғ)……..
Өңештің төменгі қысқышының межеқуатын мынадай гормондар және ББЗ төмендетеді……..
Өңештің төменгі қысқышының межеқуатын мынадай жүйкелік дәнекерлер төмендетеді……..
Өңештің төменгі қысқышының межеқуатын мынадай тағам өнімдері төмендетеді……..
АӨКЛА сипаттайтын бастапқы әйгіленімдер ……..
АӨКЛА қандай асқынулары аса қауіпті?……..
АӨКЛА емдеуде негізгі болып табылады……..
Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету үшін қандай дәрі-дәрмектерді пайдаланады?……..
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. Б. 505-519.
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.- С. 397-398
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009.- С. 324-327
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 543-545
Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 29 -42
№ 2 тақырып Әртүрлі сарғыштануларда билирубин алмасуының бұзылуы.
Мақсаты: Сарғыштанудың әртүрінің этиологиясы және патогенезін өз бетінше оқып-үйрену.
Тапсырмалар:
1) Сұрақтар бойынша оқу материалын талдау:
1. Сарғыштану,анықтамасы, түрлері. Гемолиздік сарғыштану, себептері, даму тетіктері, көріністері, билирубин алмасуының бұзылуы.
2. Механикалық сарғыштану, себептері, даму тетіктері, көріністері, билирубин алмасуының бұзылуы. Холемия және ахолия, салдарлары.
3. Ұлпалық сарғыштану, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі, билирубин алмасуының бұзылуы.
4. Жаңа туғандардың физиологиялық сарғыштануы, патогенезі.
5. Тұқым қуатын энзимопатиялық сарғыштанулар, патогенезі.
2) Ситуациялық есептерді шешу
3) Сынамалық тапсырмаларды шешу
СӨЖ орындау түрі:
Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, тақырыптың мультимедиялық тұсаукесерімен жұмыс істеу, сынамалық тапсырмадарды орындау, ситуациялық есептерді шешу, қойылымдар, рефераттар, эссе құрастыру
Орындалу және бағалау критерийлерін «Білімді бағалау ережелері мен критерийлері»
2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі
«Асқорыту жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылауда
№ 1 тапсырма. Есептерді шешу
№ 1 есеп
Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. ҚҚ 95/65 мм с.б., ЖСЖ 98 рет мин. Қан анализі: эритроциттер – 2,5 х 1012/л, гемоглобин -80 г/л, ретикулоциттер -5%. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ- 0,4 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,31 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,36 мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
№ 2-есеп.
Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,8 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,5мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
№ 3 - есеп.
Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы, қышыну әсерінен қасыну іздері анықталды. Қан плазмасында жалпы билирубин – 39 мкмоль/л, тура билирубин 17 мкмоль/л, жалпы белок – 56 г/л, альбуминдер – 25 г/л, глобулиндер – 31 г/л, протромбиндік индекс – 68%, холестерин – 3 ммоль/л, фосфолипидтер – 1,1 ммоль/л, қант – 3,1 ммоль/л, қалдық азот – 30 ммоль/л, аммиак – 55 мкмоль/л, зәрнәсіл - 2,5 ммоль/л, АСТ-0,52 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,68 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза – 0,2 мкмоль/л. зәрі қоңыр, әлсіз боялған. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Сау адамның бауыр қызметінің көрсеткіштері
Жалпы билирубин – 8,0 - 20,0мкмоль/л
Тура емес билирубин – 16 мкмоль/л
Тура билирубин – 0,5 - 5,0 мкмоль/л
АСТ – 35 МЕ/л ( 0,45 ммоль/сағ ˙ л)
АЛТ – 40 МЕ/л ( 0,68 ммоль/сағ ˙ л)
Сілтілік фосфатаза 0,14–0,36мколь/л
| |
Достарыңызбен бөлісу: |