Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента КІРІСПЕ



Pdf көрінісі
бет2/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   198
4
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
КІРІСПЕ
«Студентке арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 
біліктілігін арттырудың Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасына (бұдан әрі – Үшінші 
деңгей бағдарламасы) негізделген және «Қазақстан Республикасының педагог кадрларды 
даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру 
бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) зерделеуге және меңгеруге көмектесетін негізгі ма-
териал болып табылады. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай 
оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе 
білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда 
құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптасуын қамтиды.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ре-
сурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған 
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне 
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshеd, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін 
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (
Strong, Ward & Grant
, 2011). 
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту 
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі 
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті 
деңгейде кездеседі.
Бұл «Студентке арналған нұсқаулық» Үшінші деңгей бағдарламасының негізін құрайтын 
ғылыми зерттеулер кешенін зерделеуге және талдауға арналған. Сонымен қатар мұнда 
ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің, сондай-ақ 
тәжірибелі ұстаздардың көп жылғы тәжірибесіне негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет