Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет23/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   198
Қорытынды: «Мен» тұжырымдамасы өмiрдiң нақты кезеңдерiнде дауды шешуге және 
шынайы әлем жағдайында шеберлікке ұмтылатын құзыреттiлiктің белсендi компоненті ретінде 
қабылданады. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайлар мен институционалдық құралдар аясында 
өткен және ағымдағы тәжірибесінің тұлғаға әсерінің салдарынан қалыптасқан әлеуметтік өнім 
ретінде қарастырылады.
Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарды 
бағыттайтын, өзін өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке 
сипаттамалары бар барлық танымдық және аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табы-
лады (6-сурет).
6-сурет. «Мен» тұжырымдамасының компоненттері
Бiздің өзімізді бақылап, бағалауымыз, соның нәтижесінде өзіміз жөнінде қорытынды 
шығаруымызға байланысты «мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын екi маңызды 
мотив бар, олар өзін өзі сыйлау және өзін өзі бақылау.


22
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Өзін өзі сыйлау «мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлерiне жата-
ды. Ол екi компоненттен тұрады – жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылданғанын 
және бағаланғанын анықтайтын құндылық компоненті және жеке тұлға өзін нақты рөлде 
қабiлеттi және құзырлымын деп санайтындығын анықтайтын тиiмдiлiк компоненті (Bandura, 
2001).
Бандура өзіндік тиiмдiлiктi қалыптастыруға ықпал ететiн 4 факторды атап көрсетеді 
(7-сурет):
1. Тәжiрибе – Қол жеткізілген нәтиже
«Игеру тәжiрибесі» – жеке тұлғаның өзіндік тиiмдiлiгін анықтайтын ең маңызды фактор. 
Қол жеткізілген жетiстiк өзіндік тиiмдiлiкті арттырады, ал сәтсiздiк оны төмендетедi.
«Балаларды бос мақтаумен және жалған мадақтаумен алдауға болмайды. Олар өзін 
сыйлаудың шынайы көріністерінің орнына, жасанды түрде көрсетілген қолдауды қабылдай 
беретіні – шындық. Бірақ мен адамның өзіне деген құрметінің өсуі деп атайтын құбылыс 
шын мәнінде орындалған жұмыс, яғни қоғам үшін маңызы бар жетістік мойындалған 
жағдайда ғана өз күшіне енетінін ескеру керек».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет