Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента 10-сурет



Pdf көрінісі
бет31/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   198
30
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
10-сурет. Оқу пирамидасы
Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орында-
латын жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың 
бойында бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім 
береді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын (11-су-
рет) және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай 
жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін өзі ынталандыра алады 
және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға 
ұшырамау немесе емтиханнан құламау түрткі болып табылатын сыртқы уәжден ажыра-
та білген жөн. 
11-сурет. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар


31
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Осы мақсатта мұғалімдер оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйретеді, нәтижесінде 
оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады. Сабақтар 
оқушылардың мәселенің бүге-шүгесіне дейін назар аудару қабілеті дамитындай және 
тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып, ұзақ уақыт на-
зарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және 
сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. 
Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа 
келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пай-
ымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын 
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің 
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай ала-
тынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не 
істегісі келетінін түсінуге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет