Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет32/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   198
Бірінші тезис: Жаңа тақырыпты оқыту адамның нені білетіні және түсінетінімен байла-
нысты болады.
Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды 
өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу 
үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.
Төртінші тезис: Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға және 
сынақтан өткізуге уақыт беріңіз.
Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.
Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды ескеру
Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі ма-
териалды терең игеруге ықпал етеді. Тестілеу барысында оң нәтижеге жету үшін материалды 
меңгеруді ғана көздейтін «тактикалық оқу» – қалай оқу керектігін үйренудің салыстырмалы 
түрде алғанда «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» ғана мәнге ие (12-сурет).
12-сурет. Оқу тактикасы және нәтижелерді бағалау


32
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай 
етіп бере алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру 
әдістемесін түсінеді. Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды үйренеді, сондай-
ақ пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді. Олар пәннің негізін құрайтын қағидаттар 
мен басты идеяны түсінеді. Бұл үшін оқыту тәсілдерін қолдану қажет, осының арқасында 
оқушылар оқу жоспарына енген пәндердің «өзіндік ерекшеліктерін» зерттеуге қабілетті бо-
лады. Бұл қоршаған ортаға бейімделуге ұқсайды: Сіз аумақты зерделеп, қандай ресурстардың 
қолжетімді екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді пайдалану жолдарын білетін 
боласыз.
Білімге бағдарланған оқу ортасында мұғалімдер үстірт оқуға емес, терең білім алуға ынта-
ландырады. Мұндай оқу барысында оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасап, 
жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай оты-
рып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, 
керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет