Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет49/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   198
Байланысты:
studentke arnal an n s auly

игерудің бес үлгісін анықтады:
механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және 
күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
• декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтарды пайдалану; бұрын өткендерді 
еске түсіруге ынталандыру; оқушыларға жауап туралы ойлауға түрткі болу үшін ишара 
жасау арқылы білім мен түсінігін толықтыру);
• нұсқаулық/баяндау (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, 
фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
талқылау (ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
• диалог (қателік пен тәуекелдерді азайтып, таңдауды қысқартуға, түсініктер мен 
қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін құрылымдалған, кумулятивтік әңгіме 
мен пікірталас арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (
Alexander, 
2001, 2008).
әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін аса маңызды
Пікірталас пен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында 
балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық 
түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл – 
мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе «интерактивті» 
оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданатын 
«диалектика» элементі (Wolfe and Alexander, 2008).
дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама 
берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында 
тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, бала-
малы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. 
Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі 
оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.
Сұрақ туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар 
мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер 
оқушыларға табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы 
сын тұрғысынан ойлауға көмектесе алады. Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің 
жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы.
Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін анықтады, олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет