Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента ОҚЫТУ МЕН ОҚУдАғЫ ЖАҢА ТәСІлдЕР



Pdf көрінісі
бет29/198
Дата08.12.2022
өлшемі13,19 Mb.
#55854
түріРуководство
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   198
Байланысты:
студентке арналған нұсқаулық

28
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
ОҚЫТУ МЕН ОҚУдАғЫ ЖАҢА ТәСІлдЕР:
МҰғАлІМдЕР ҚАлАй ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮйРЕТЕдІ
Алдыңғы бөлімде оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың 
оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп 
айттық. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
• оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы білім алудың 
қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
• жүйелі ойлануға үйрету;
• шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерт-
теу және анықтау;
• оқу үдерісі үшін және өзін өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. Келесі бөлімде біз «оқуды 
үйрету» деп түсінетін құбылысты және мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін 
қалай бере алатынын қарастырамыз.
Қалай оқу керектігін үйрену
«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу 
бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау тура-
лы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты таным-
ды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, 
бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде 
сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
• оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
• жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;
• тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
• нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға 
көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, 
өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы 
тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты 
енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің 
негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, 
ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет