57
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
15-сурет. Білім салалары (http://tpack.org/)
Пәндік білім (ПБ)
Пәндік білім дегеніміз – оқытылатын пән бойынша өзекті білімдер. Айталық, хи-
мия пәнінің білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды
жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін,
Ұлыбританияда аталған сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар хи-
мия саласында дипломнан кейінгі білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі.
Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша
білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес
түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химия пәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы
білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет.
Оның үстіне жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеу жүргізудің ерекшелігін,
теориясы мен әдістемесін түсінуі керек. Алайда пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің
біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осылайша, жараты-
лыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: