13
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу үдерісінде бір-бірімен
өзара қандай қарым-қатынаста болатынын зерделеді.
Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы
нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан
кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен
ұстанымдарының кешенді үйлесімі ретінде анықталған.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды
толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы ны-
санды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, ынталандырушы,
аффекттік теоретиктер және когнитивті психологтар.
Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін
«
тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай
бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері
тобы қосылған деген болжам жасауға болады
(2-сурет). Біз ғылыми қордың мұраларын
қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи
идеялармен танысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: