Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



Pdf көрінісі
бет9/198
Дата08.12.2022
өлшемі13,19 Mb.
#55854
түріРуководство
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   198
Байланысты:
студентке арналған нұсқаулық

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы 
Үшінші деңгей бағдарламасында айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жа-
тыр. Балалар өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланыстың негізінде өз түсініктерін 
құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» 
(Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell, 1976; 
Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық 
идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдің 
барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға бо-
латынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу 
керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен 
тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және 
мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен да-
мытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана 
оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және 
оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.


10
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сын тұрғысынан ойлау Үшінші деңгей бағдарламасының өн бойында екі мағынада 
қарастырылады: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сын 
тұрғысынан ойлауын дамыту. Үшінші деңгей бағдарламасы өзара байланысты бұл үдеріс- 
тердің екеуін де дамытуды көздейді. Оқушыларға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат 
пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы 
түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және 
басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің 
сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау 
әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет