Адамдардың қалай оқитынын түсіну Әлеуметтік психология Когнитивті психология Нейроғылым Аффекттік теориялар 2-сурет. Адамдардың қалай оқитынын түсінуге бағытталған психологиялық «экспедициялардың» негізгі бағыттары Бұл «теориялық экспедицияның» өн бойында ең ұзақ болатын топ – когнитивті те- оретиктер. Бұл теорияның өкілдері – когнитивті психологтер белгілі бір материалды
қабылдауға қатысты адамдардың санасында болып жатқан үдеріс мәселелерін зерттейді.
Танымдық үдерістерді (есте сақтау, қабылдау), зиятты және даму кезеңдерін анықтауға
арналған қазіргі заманғы және ертеде жарияланған зерттеу әдебиеттері жеткілікті. Қазіргі
заманғы неврологиялық әдістерді пайдалануға және жеке тұлғаның жалпы оқуына қатысты
мәселелерге баса назар аударыла бастауына байланысты, осы теориялардың кейбіреулерінің
дамып, өрістеуіне жол ашылды. Осы тарауда танымдық теориядағы өзгерістер есте сақтау
және зияткерлікке қатысты соңғы зерттеулер тұрғысынан қаралған.