Зияткерлік туралы қазіргі зерттеулер: зияттың қырлары Зияткерлікті ақыл-ой қабілеттерінің тестілерімен өлшенетін құбылыс ретінде қарас-
тыратын ғалымдар мен зерттеушілер үшін зиятқа қатысты жаңа ой-пікірлер әрдайым пробле-
ма болатыны шындық. Әртүрлі қабілеттер арасындағы өзара байланысқа негізделген зертте-
улер жүргізіп, ортақ зият факторының бар екендігі туралы пікірді берік ұстанатын тұрақты
дәстүрлер осы күнге дейін сақталып отыр. Алайда Говард Гарднер (2006) зияткерліктің өзара
байланысын тап басып көрсету мүмкін емес деп, ондай дәлелдемелердің басым бөлігін
жоққа шығарады.
Гарднер субъектілер көп қырлы зиятқа (КҚЗ) ие деп есептеген. Сол арқылы ол зиятты
өлшенетін және зияткерлік коэффициентіне (IQ) қосылатын бірыңғай және жалпы қабілет
ретінде қарастырмай, керісінше, лингвистикалық, математикалық, музыкалық, кинестетикалық
және тұлғааралық қабілеттер мен кеңістікте бейімделу қабілеті сияқты өзара әлсіз қарым-
қатынаста болатын көптеген зияткерлік қырлары бар екенін мойындауымыз керек деп
қорытады.
Говард Гарднердің жұмысына айтылған жалпы сын оның теорияларының басым бөлігі
эмпиристік зерттеулер аясындағы кешенді және толық негіздемелерге емес, өзінің жеке ин-
туициясы мен пайымдауларына негізделген дегенге келіп саяды. Қазіргі уақытта зияттың
қырларын анықтауға және өлшеуге арнап әзірленген нақты кешенді тестілер жоқ. Оның
үстіне, Гарднер ен-таңба жапсырып, жалпы қорытынды жасауға апарып соғады ма деп
секемденгендіктен, тестілеу әдісіне ден қоймаған. Мидың жұмыс істеуі жөніндегі зияттың
қырлары тұжырымдамасын қолдайтын зерттеулер, тұтастай алғанда, әлі де жалғасып жатыр,
бірақ олар Говард Гарднер теориясының ерекшелігін қолдай бермейді.