Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет5/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   336
Мұғалім ұстанымы
Психологтар  «ұстаным»  ұғымын  адамның  іс-әрекетке  бейімділігімен  байланыстыра-
ды.  Социологтар  оны  жеке  тұлғаның  негізгі  құндылығы  ретінде  қарастырады.  Мұғалімнің 
ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім 
қабылдап,  сыныптағы  іс-әрекеттерді  түсіндіру  көзі  болып  табылады  (1-сурет).  Сондықтан 
кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, 
көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке 
тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде 
мұғалімнің  білімділігінен  гөрі,  ұстанымға  негізделген  ой-тоқтамдарының  ықпалы  күштірек 
деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-
әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе 
оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер 
анағұрлым күштірек ықпал етеді. 
1-сурет. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы
қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі


6
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Алайда,  тамыры  тереңге  кеткен  ұстанымдар  мұғалімнің  жаңашыл  идеяларды  қабылдау 
қабілетін  шектеуі  мүмкін.  Осыған  байланысты  егер  де  дайын  білім  беретін  «дәстүрлі» 
стильмен  оқытатын  мұғалімдер  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттері  дамыған  оқушыларды 
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, 
жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет