Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет6/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   336
Тиімді оқыту
Оқыту  барысында  ауқымды  міндеттер  шешіліп,  мұғалімнің  әртүрлі  жағдайларда 
жұмыс  істейтінін  ескерсек,  тиімділік  деген  сөздің  мағыналық  анықтамасы  нақты  емес, 
екіұшты болып шығады. Осы сияқты «мұғалім жұмысының сапасы» да – күрделі феномен, 
оның мазмұны мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының 
тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері 
(біліктілігі т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуы-
на ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін 
деген ойлар да орын алуда.
Оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да,  «оқыту  тиімділігі»  ұғымына  қатысты  қарас- 
тырылатын  екі  көзқарас  бар.  Біріншіден,  оқушының  жеке  тұлға  және  әлеуметтік  нысан 
ретіндегі  келешегі,  екіншіден,  оқытудың  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынас 
нәтижесі ретінде қарастырылуы. 
Мұғалімнің  қызметін  бағалау  барысында  бағалаушы  белгілі  бір  факторлар  жиынтығын 
пайдалана отырып, «сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Оқытудағы  сындарлы  тәсіл  оқушыларға  өз  білімдері  мен  ұстанымдары  жайында  ойла-
нып,  тиісті  сұрақ  қойып,  білімін  толықтырып,  белгілі  бір  тақырыпты  оқып-білу  кезеңінде 
өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Аталған ойлану үдерісі оқушының өз болжамдары-
на күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы 
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде 
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау 
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, 
оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде 
пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет