Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет57/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   336
ПАйдАлАНЫлғАН әдЕБиЕТ
Csikszentmihalyi, M., (2008). Flow. [Ағын]. Harper Perennial.
Ryan,  R.M.,  &  Deci,  E.L.,  (2009).  Promoting  self-determined  school  engagement:  Motivation, 
learning, and well-being. [Өзін-өзі анықтайтын мектептегі қызығушылықты арттыру: ынта-
ландыру, оқу және ахуал]. In K. R. Wentzel & A. Wigfield (Eds.), Handbook on motivation at 
school. [Мектепте ынталандыру жөніндегі нұсқаулық] (pp. 171–196). New York: Routledge.


35
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
СЫНЫПТАғЫ диАлОГТІҢ МАҢЫЗЫ
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мер-
сер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арт-
тырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған 
авторлардың зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп 
жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас 
үдерісінде,  яғни,  анағұрлым  қабілетті  оқушылармен  араласу  және  мәдениет,  қоршаған  ор-
тамен  өзара  қарым-қатынас  жасау  арқылы  оқушыларды  ересектерше  ойлау  әдісіне  үйрету 
кезінде  қалыптасатын  субъекті  ретінде  суреттейді.  Сонымен  қатар  Выготский  оқушылар 
өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық дамудың 
жақсаратындығын  атап  көрсеткен.  ЖАДА  оқушы  дамытатын  дағды  мен  қабілеттер,  өз 
бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, 
оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл 
қолдау  қарым-қатынасты  қамтиды  және  де  Выготский  бұл  жағдайда  оны  оқытудың  негізгі 
құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдай-
ды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің 
рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныпта-
стары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл 
болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында 
қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. 
Выготскийдің  оқуда  сөз,  сөйлеу  негізгі  рөл  атқаратындығы  туралы  пікірі  тәжірибеге 
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты 
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді 
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, тал-
дау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкин-
сон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы 
диалог  атқаратын  негізгі  рөлге  назар  аударуды  мақсат  етеді.  Қазірдің  өзінде  сыныптағы 
оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. 
Олар:
•  оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
•  оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;
•  оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
•  мұғалімдерге  оқушыларды  оқыту  барысында  олардың  оқушылары  қандай  деңгейде 
екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп  жағдайда  сыныптағы  талқылау  мұғалімнің  басқаруымен  тақырып  төңірегінде, 
оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында бола-
ды.  Көптеген  сыныптарда  оқушылардың  әңгімеге  қатысуға  құқықтары  шамалы.  Мәселен, 
мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас. Зерт-
теу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың жа-
уаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың 
ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет