Оқушылардың пікірін назарға алу Жуық арада Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың оқыту мен оқу
туралы пікірлеріне ерекше назар аударылды. Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге
баса назар аударылып келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде
«Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін
түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады
(Rudduck et al, 2004).
«Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кем-
бридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Ол
жобаның мақсаттары:
• оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру;
• оқушыдан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық
әзірлеу;
• мектептерде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін
анықтау болатын.
Осы жоба бойынша оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер,
соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша сұхбат
жүргізілді. Сонымен қатар олардан ата-аналарға арналған іс-шараларды өткізу сияқты
жылдық жоспарлаумен байланысты проблемаларға, оқушылардың оқуына көмектесетін не-
месе кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға қатысты сұрақтар қойылды. Зерттеулер
оқушылардың көпшілігінің сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу
туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне