Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)



Pdf көрінісі
бет126/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   336
Байланысты:
Руководство для студента

Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)
5-кесте АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістерді көрсетеді.
5-кесте. Мұғалімдердің АКТ-ны қолданудағы тәсілдері
дәстүрлі педагогика
Жаңа педагогика
Кітапта қанша бар болса, сонша және 
мүғалім қанша айтса, сонша білу 
Нені білуді және нені еске сақтауды шешу 
Мұғалім оқушыға білім береді 
Мұғалім оқушыларға ақпаратты бағалауға, 
таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға 
көмектеседі 
Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға жазады   Оқушылар дискке жазады және желіде жария-
лайды 
Анық, қолмен жазылған есеп
Шеберлікпен орындалған, қағазға басылған 
құжаттар 
Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы 
шектеулі
Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі 
Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады 
және мұғалімге ғана оқуға болады 
Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және 
тексеру кезінде пікір алмасады
Кейс-стади
Бұл тапсырма менің тәжірибемде Менделеевтің периодтық кестесіндегі бір элемент туралы 
ақпарат жинау үшін оқушылар жеке жұмыс істейтін, барлығына аян «текшені қалыптастыру» 
қағидатына негізделген тапсырмаларды оқытуды қолдану нәтижесінде құрылды. Жиналған 
ақпарат, әдетте, таныстырылым жасау үшін текше түрінде жинақталады. Мен бұл идеяны 
ақпарат жинау үшін лайықтап, оқушылар оны маған ұсына алатын жаңа жолдарды қарауды 
ұйғардым. Мен істеп көріп, қателерімді анықтай отырып, оқушылар шағын топ болып (3–4 
адам) жұмыс істеулері қажет деген қорытындыға келдім, онда әр оқушы жеке элементпен 
жұмыс істейді, кейін олар өздерінің зерттеген ақпаратын хабарлама немесе жарнамалық ро-
лик түрінде ұсынуы тиіс.
Жұмыс  сызбасы  өзімнің  жаратылыстану  пәні  бойынша  екі  сабағыма  және  тағы  бір 
сабаққа негізделеді, бірақ бұны үш сабақта істеуге немесе екі сабаққа дейін қысқартуға бо-
лады.  Сатып  алушыларға  әсер  ету  үшін  БАҚ  жарнамалық  роликті  қалай  пайдаланатыны-
на көп уақыт бөлуді ұйғардым. Мәселен, егер сабақта уақыт жеткіліксіз болса, оқушыларға 
өздерінің жарнамалық роликтерін ойлап шығаруға және айналысуға қосымша уақыт беруге 
болады. Бірақ мен осы идеяларды қалай болғанда да, қысқаша болса да, көрсетіп түсіндіруді 
ұсынамын,  сонда  оқушыларда  еліктейтін  үлгі  болады,  әрі  жарнама  ролигінің  ең  соңғы 
нұсқасы анағұрлым ықшам әрі ұтымды болуына септігі тиеді.
Тізбектелген  сабақтар  топтамасының  соңғы  сабағын  мен  оқушыларға  жарнамалық 
роликті редакциялауға, оған түрлі әсерлер мен атаулар қосуға, содан кейін оны сыныппен 
көріп, ең жақсы роликке сынып қалай дауыс беретінін бақылауға арнадым. Дегенмен дайын 
немесе  мұғалім  редакциялаған  жарнама  ролигін  ғана  көрсету  арқылы  уақытты  үнемдеуге 
болады.
Мен роликтер түсіру үшін оқушыларды топпен үзіліс кезінде немесе түскі ас уақытында 
жұмыс істеуге шақырған пайдалы екенін анықтадым. Бұл шынында да нәтиже берді, себебі 
оқушылар роликтерінің сыныптан тыс таныстырылымының алдында өздерін сенімді ұстады 
және оларды жазып алу үшін барлығы қайтып келуге тырысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет