Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Оқытуды басқару және көшбасшылық



Pdf көрінісі
бет19/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   336
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Аталған  модуль  білім  берудің  кез  келген  жүйесіндегі  тұрақты  даму  мен  өзгерістердің 
сырттан  енгізілуі  мүмкін  емес,  олар  нақты  сыныптардағы  мұғалімдердің  тәжірибесі  мен 
түсініктеріндегі  өзгерістерден  бастау  алуы  керек  деген  тұжырымға  саяды.  Үшінші  деңгей 
бағдарламасының негізгі идеясы сын тұрғысынан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім са-
ясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің 
іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Үшінші деңгей бағдарламасының өн бойында 
мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын 
әр  деңгей  қырынан  қарастыру  мақсатында  Үшінші  деңгей  бағдарламасында  жеке  модуль 
ретінде белгіленген. 
Осы  модульде  айтылған  көшбасшылық  тәсілі  «Мұғалім  жүргізетін  дамыту  жұмысы» 
қағидатына (Кембридж университетінің жобасы) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, 
мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері тура-
лы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің 
жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің 
сын тұрғысынан ойлана білу қабілетімен және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулімен 
тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет