37 студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Сұрақ қою Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖә) үлгісінде болаты-
ны анықталды. Мысалға:
Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?
Жауап (оқушы): Екі жүз алты.
Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.
Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам
мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда оқушылардың
білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау
көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол
жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды
«жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған
және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар.
Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен
қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педа-
гогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі
оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім алу
қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай
сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі