41
студентке арналған нұсқаулық |
руководство для студента
анықтауы және бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен тапсырманы орындау жоспарын
құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады. Түрлі тәсілдердің салыстырмалы
түрдегі тиімділігі бағаланып, оқушылар өз әрекеттерін түсіндіреді. Оқушылардың таңдауы
мүмкін тәсілдерінің біреуі – басқалардың білім аясы кеңірек болуы мүмкін деген жеке
көзқарасына байланысты олардан көмек сұрау.
Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты
қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін
үйренуі» деп қарастыруға болады. Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен
оқудың арасында байланыс бар.
Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу бары-
сында оларға дербестік беруге баса назар аударады.
Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін
авторлар
метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқу үдерісінің табысты болуы
ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік пен
метатанымдық білімге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: