13
RU
!
-
.
-
,
-
.
,
-
-
,
.
-
.
-
(
).
/
.
,
/
;
,
.
-
.
(
.,
)
-
.
,
-
.
1 (
)
2
-
1 (
).
-
.
,
-
.
,
.
*
,
-
.
/
,
.
(
,
. .)
.
-
:
.
,
-
« »,
-
.
,
,
:
.
*
.
-
,
.
,
.
,
-
,
.
.
.
(
-
)
,
,
-
.
,
-
.
.
!
.
.
.
2002/96/EC
-
(WEEE)
-
:
,
-
-
.
,
.
-
-
.
.
,
:
.
14
RU
RS
!
-
.
!
-
,
,
-
,
:
(
)
.
!
-
.
-
.
-
,
,
-
,
.
.
.
,
.
,
,
-
;
,
,
.
-
,
.
,
.
,
.
.
,
.
,
.
,
(
).
,
,
.
-
,
.
.
*
,
-
-
.
-
,
—
(
.
.).
.
.
,
.
1.
,
-
(
.
.).
2.
-
-
:
230 ,
– 25
,
– 14.
3.
.
!
,
.
-
.
:
(
,
. .);
(
.)
(S/N),
,
-
,
.
*
.
15
RU
Мы заботимся о своих покупателях и
стараемся сделать сервисное обслуживание
наиболее качественным. Мы постоянно
совершенствуем наши продукты, чтобы
сделать Ваше общение с техникой простым и
приятным.
Уход за техникой
Продлите срок эксплуатации и снизьте вероятность
поломки техники.
Воспользуйтесь профессиональными средствами
для ухода за техникой от Indesit Professional для
наиболее простого, эффективного и легкого ухода
за Вашей бытовой техникой.
Продукты Indesit Professional производятся в
Италии с соблюдением высоких европейских
стандартов в области качества, экологии и
безопасности использования и созданы с учетом
многолетнего опыта производителя техники.
Узнайте подробнее на сайте
www.hotpoint-ariston.com
в разделе «Сервис» и
спрашивайте в магазинах Вашего города.
Авторизованные сервисные центры
Чтобы быть ближе к нашим потребителям, мы
создали широкую сервисную сеть, особенностью
которой является высокая подготовка,
профессионализм и честность сервисных
мастеров. На сегодняшний день она насчитывает
около 350 сервисных центров на территории
России и СНГ.
Их контакты Вы можете найти в сервисном
сертификате и на сайте
www.hotpoint-ariston.com
в разделе «Сервис».
Если вам надо обратиться в сервисный центр:
Внимание! При ремонте требуйте
использования оригинальных запасных
частей.
Другую полезную информацию и новости Вы
можете найти на сайте
www.hotpoint-ariston.com
в разделе «Сервис».
1.
2.
3.
°
40
40
40
5.
6.
7.
8.
9.
10.
4.
ВНИМАНИЕ! Запрещается использовать
духовой шкаф при снятом внутреннем
стекле дверцы.
ВНИМАНИЕ! При установке внутреннего
стекла дверцы духового шкафа на место
необходимо разместить его таким образом,
чтобы текст на панели был легко читаемым и не
перевернутым.
RU
16
KZ
ПЛИТА
Мазмұны
Орнату, 19
Орналастыру және түзулеу
Электр қосылымдары
Газды жалғау
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Техникалық деректері
«Оттық пен форсункалардың сипаттары» кестесі
Құрылғы сипаттамасы, 23
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Қосу және пайдалану, 24
Плитаны қолдану
Пешті қолдану
Электрондық таймер
«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер» кестесі
Сақтандырулар мен кеңестер, 29
Жалпы қауіпсіздік
Қоқысқа тастау
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Техникалық қызмет көрсету және
күтім, 30
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Пеш шамын ауыстыру
Көмек
Пайдалану нұсқаулығы
РУССКИЙ, 1
Қазақша, 17
RU
KZ
H5G56F RU
,18
KZ
18
19
KZ
A
Орнату
Жапсарлас бөлме
Желдетуді қажет
ететін бөлме
A
B
Жануға қажетті ауаға
арналған желдету тесігі
Есік пен еден арасындағы
аралықты үлкейту
Түтіндер тікелей
сыртқа шығарылады
Түтіндер мұрша немесе
тағам пісіру құрылғыларына
арналған тармақты түтін
шығару жүйесі арқылы
шығарылады)
! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса,
біреуге берілсе немесе көшірілсе, нұсқаулар онымен
бірге болатынына көз жеткізіңіз.
! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі
бар маман орнатуға тиіс.
! Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету
қажет болса, оны плитаны токтан ажыратқаннан
кейін орындау керек.
Бөлмені желдету
Құрылғыны ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес тек
үнемі желдетілетін бөлмелерге орнатуға болады.
Құрылғы орнатылатын бөлме әдеттегі газ жану
процесіне қажетті ауа қамтамасыз етілетіндей тиісті
түрде желдетілуі тиіс (ауа ағыны орнатылған қуаттың
бір киловатына 2 м
3
/сағ-тан төмен болмауы тиіс).
Тормен жабылған ауа кірістерінде ішкі диаметрі кем
дегенде 100 см
2
түтігі болуы және тіпті жартылай
жабылып қалмайтындай орналастырылуы тиіс ( A
суретін қараңыз).
Конфорка беті жалынның өшіп қалуынан қорғайтын
сақтандырғышпен жабдықталған болмаса, бұл
кірістерді 100%-ға, кем дегенде 200 см
2
-ге кеңейту
керек. Ауа ағыны жапсарлас бөлмелерден
жанама түрде берілген кезде (B суретін қараңыз),
ғимараттың ортақ бөліктері, өрт қаупі жоғары
аумақтар немесе жататын бөлме болмаған
жағдайда, кірістер жоғарыда айтылғандай сыртқа
шығаратын түтіктермен жабдықталуы тиіс.
! Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін
терезені ашу немесе қолданылатын кез келген
желдеткіштердің жылдамдығын арттыру жөн.
Түтінді шығару
Түтінді шығару қауіпсіз әрі тиімді мұршаға жалғанған
сорғыш немесе құрылғы қосылған кезде автоматты
түрде жұмыс істей бастайтын электр желдеткішінің
көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс (суретті қараңыз).
! Сұйытылған газдар ауадан ауыр болады және
еденде жиналады, сондықтан сұйытылған газ
баллондары қойылған барлық бөлмелерде
баллоннан шыққан газ оңай шығып кетуі үшін сыртқа
шығатын тесіктер болуы тиіс.
Сондықтан, СМГ баллондары, жартылай немесе
толық болса да, жер деңгейінен төмен бөлмелерде
не сақтау аумақтарында (төле және т.б.)
орнатылмауы немесе сақталмауы тиіс. Бөлмеде тек
қолданылатын баллон ғана сақталуы тиіс; сондай-
ақ, баллонды температурасын 50 °С-тан жоғары
көтеруі мүмкін жылу көздерінен (пештер, мұршалар,
кептіру пештері) аулақ қою керек.
Орналастыру және түзулеу
! Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын
шкафтардың қасына орнатуға болады.
! Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға
жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (T 90°C)
жасалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны дұрыс орнату үшін:
• Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз
(ваннаға қоймаңыз).
• Плитаның жоғарғы жағы шкафтан жоғары
болса, құрылғыны олардан кем дегенде 200 мм
қашықтықта орнату керек.
• Пеш қабырғаға ілінетін шкафтың астына
орнатылса, осы шкаф пен плитаның жоғарғы жағы
арасында кем дегенде 420 мм ара қашықтық
болуы тиіс.
Қабырғаға ілінетін шкафтар жанғыш материалдан
жасалған болса, бұл аралықты 700 мм-ге дейін
жеткізу керек (суретті қараңыз).
20
KZ
СОР ЫШ
М .
600
.
М.
420
.
М.
420
.
. 650 . . 700
.
• Пештің артқы
жағына немесе
бүйірлеріне 200 мм-ден
жақын жерге жалюзи
орнатпаңыз.
• Қалқалар
қатысты пайдалану
нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес
орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің әрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын бұраңыз
(суретті қараңыз).
Аяқтар плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге
кигізіледі.
Электр қосылымдары
Құрылғының негізгі деректер кестесінде көрсетілген
жүктемеге сәйкес стандартты штепсельдік ұшты
орнатыңыз (Техникалық деректер кестесін
қараңыз). Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен
электр желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене
байланыс бар бірнеше каналды айырып-қосқыш
арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген
жүктемеге лайықты және NFC 15-100 ережелеріне
сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-
қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез
келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
• Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға
сәйкес болып табылады.
• Розетка деректер тақтасында көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
• Кернеу деректер тақтасында көрсетілген мәндер
аралығында.
• Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес
келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес
болмаса, өкілетті маманнан оны ауыстырып
беруді өтініңіз. Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш
сымдарын пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
!
Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Газды жалғау
Газ құбырына немесе газ баллонына ағымдағы
ұлттық заңдарға сәйкес және құрылғыны берілетін
газ түрімен қолдануға болатынына көз жеткізгеннен
кейін иілгіш резеңке немесе болат түтікпен жалғау
керек (қақпақтағы сипаттар тақтасын қараңыз:
сәйкес болмаса, төменде берілген ақпарратты
қараңыз). Баллоннан сұйық газды пайдаланғанда,
ағымдағы ұлттық заңнамаларға сәйкес келетін
қысым реттегішін орнатыңыз. Жалғауды жеңілдету
үшін газ жеткізу түтігін бұруға болады*: түтік
тұтқышының қалпын қақпақшаның қалпынан
қарама-қарсы бұрып, құрылғымен бірге берілетін
тығындағышты ауыстырыңыз.
! Газ беру қысымы Оттық пен форсункалар
сипаттарының кестесінде көрсетілген мәндерге
сәйкес келетінін тексеріңіз (төмендегі мәтінді
қараңыз). Бұл қуатты тиімді түрде жұмсап,
құрылғыңыздың қауіпсіз әрі ұзақ жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Майысқақ резеңке түтікпен газды жалғау
Түтік ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Түтіктің ішкі диаметрі келесідей болуы
тиіс: сұйық газ үшін 8 мм; метан үшін 13 мм.
Жалғау орындалғаннан кейін түтік төмендегі
жағдайларға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз:
• Температурасы 50 °С-тан асатын ешбір бөлікке
тимейді.
• Оны ештеңе тартпайды немесе бұрамайды және
қысылмаған я майыспаған.
• Жүздерге, өткір бұрыштарға немесе қозғалатын
бөліктерге тимейді және қысылмаған.
• Жағдайын тексере алу үшін толығымен қарап
шығу оңай.
• 1500 мм-ден қысқа.
• Екі жағында да мықтап бекітілген; ағымдағы
заңдарға сәйкес шеттерінен қысқыштармен
бекітілуі тиіс.
21
KZ
! Осы жағдайлардың бірі немесе бірнешесі
орындалмаса не плитаны 2-сынып, 1-ішкі сынып
құрылғыларына (екі шкаф арасына орнатылатын)
қолданылатын жағдайларға сәйкес орнату қажет
болса, резеңке түтік орнына майысқақ болат түтік
қолданылуы қажет (төмендегі мәтінді қараңыз).
Майысқақ буынсыз тот баспайтын болаттан
жасалған түтікті оймасы бар жалғауға қосу
Түтік пен тығындағыштар ағымдағы ұлттық заңдарға
сәйкес келетінін тексеріңіз. Түтікті қолдану үшін
құрылғыдағы түтік тұтқышын шешіп алыңыз
(құрылғыдағы газ жеткізу кірісі цилиндрлік оймалы
1/2 газ еркек бекітпесі болып табылады).
! Түтік қысылмағанын және қозғалмалы бөліктерге
тимейтінін қамтамасыз ете отырып, оның ұзындығы
ең көбі 2 м-ден аспайтындай қылып қосыңыз.
Қосылым газ жібермейтінін тексеру
Орнату процесі аяқталғаннан кейін, сабынды
сумен түтік фитингтерінде тесіктердің бар не жоқ
екенін тексеріңіз. Ешқашанда алауды қолданушы
болмаңыз.
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Құрылғыны әдепкі (бұл қақпақтағы сипаттар
тақтасында көрсетілген) емес газ түрлеріне бейімдеу
мүмкін.
Плитаны сәйкестендіру
Плита оттықтарының форсункаларын ауыстыру:
1. Плита торларын алып тастап, оттықтарды
орындарынан алыңыз.
2. Форсункаларды 7 мм
гайка кілтімен босатып
(суретті қараңыз), оларды
газдың жаңа түріне сәйкес
келетін форсункалармен
алмастырыңыз («Оттық
пен форсункалардың
сипаттары» кестесін қараңыз).
3. Жоғарыдағы нұсқауларды кері ретте орындау
арқылы барлық құрамдастарды орындарына қойыңыз.
Плита оттықтарының минималды параметрін реттеу:
1. Газ құбырының тетігін минималды қалыпқа
бұраңыз.
2. Тұтқаны шешіп алып, тұтқа шегесінің ішінде
немесе оның жанында орналасқан реттеу
бұрандасын жалын кіші бірақ тұрақты болғанша
реттеңіз.
! Құрылғы сұйық газ көзіне жалғанған болса, реттеу
бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек.
3. Оттық жанып тұрғанда тұтқа позициясын
бірнеше мәрте ең төменгіден ең жоғарыға және
қарама-қарсы жылдам ауыстырып, жалын өшіп
қалмайтынын тексеріңіз.
! Плита оттықтары үшін негізгі ауаны реттеу қажет
емес.
! Құрылғыны газдың басқа түрімен қолдануға
реттегеннен кейін ескі сипаттар тақтасын газдың
жаңа түріне сәйкес келетін жаңа тақтамен
алмастырыңыз (бұл жапсырмаларды Өкілетті
техникалық көмек көрсету орталықтарынан алуға
болады).
! Қолданылатын газ қысымы ұсынылған қысымнан
өзге болса (немесе сәл ауытқыса), «жүйедегі газ
реттегіштеріне» қатысты ағымдағы ұлттық заңдарға
сәйкес кіріс түтікке тиісті қысым реттегішін орнату
керек.
Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Күтім және
техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген
нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.
Жалғау жері
Оқшаулағыш
шүмек
Түтік жинағы
Түтік жинағы
ЫСТЫҚ БЕТ
Оқшаулағыш
шүмек
Жалғау жері
22
KZ
«Оттық пен форсункалардың сипаттары» кестесі
1-кесте
Сұйық газ
Табиғи газ
Оттық
Диаметр
(мм)
Жылу қуаты
кВт (p.c.s.*)
Айналып
өту
1/100
Форсунка
1/100
Ағын*
г/сағ
Форсунка
1/100
Ағын*
л/сағ
Форсунка
1/100
Ағын*
л/сағ
Номиналды Азайтылған
(мм)
(мм)
***
**
(мм)
(мм)
Жылдам
(үлкен) (R)
100
3.00
0.7
41
87
218
214
128
286
145
286
Жартылай
жылдам
(орташа) (S)
75
1.90
0.4
30
69
138
136
104
181
115
181
Қосымша
(кіші)(A)
51
1.00
0.4
30
50
73
71
78
95
85
95
Жеткізу
қысымдары
Номиналды (мбар)
Ең төмен (мбар)
Ең жоғары (мбар)
28-30
20
35
37
25
45
20
17
25
13
6,5
18
* 15°C, 1013 мбарр жағдайында – құрғақ газ
*** Бутан P.C.S. = 49,47 МДж/кг
** Пропан P.C.S. = 50,37 МДж/кг
Табиғи газ P.C.S. = 37,78 МДж/м3
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Пеш өлшемдері
(БхЕхТ)
34x38x41 см
Көлемі
60 л
Пеш бөлігіне
қатысты
пайдалы
өлшемдер
ені 42 см
тереңдігі 44 см
биіктігі 17 см
Ток кернеуі мен
жиілігі
деректер кестесін қараңыз
Оттықтар
жапқыштың ішкі жағында
немесе пеш бөлігі ашылғаннан
кейін пештің ішінде сол жақта
орналасқан деректер тақтасында
көрсетілген кез келген газ түріне
бейімдеуге болады.
ҚУАТ БЕЛГІСІ
Электр пештерінің белгісіндегі
2002/40/EC нұсқауы. EN 50304
стандарты
Табиғи конвекция класы–
қыздыру күйіне арналған қуат
тұтыну:
a
Статикалық
Мәжбүрлі конвекция класы –
қыздыру режимі үшін мәлімденген
қуат тұтынуы:
b
Желдеткіш
көмегімен
ЕҚ Директивалары: 12.12.2006
жылғы 2006/95/EC (төмен
кернеу) және кейінгі өзгертулері
– 15.12.04 жылғы 2004/108/EC
(Электромагнитті үйлесімділік)
және кейінгі өзгертулері –
30.11.2009 жылғы 2009/142/EC
(Газ) және кейінгі өзгертулер
– 22.07.1993 жылғы 93/68/
EEC және кейінгі өзгертулері –
2002/96/EC.
1275/2008 (күту/өшу режимі)
S S
R
A
H5G56F RU
Пеш қауіпсіздік
шынжырымен
жабдықталған;
оны құрылғының
артындағы қабырғаға,
шынжыр құрылғыға
бекітілген биіктікте
бұрандамен (пешпен
бірге берілмейді)
бекіту қажет.
Бұранда мен бұранда
анкерін құрылғы артындағы қабырға материалына
сəйкес таңдаңыз. Бұранда басы 9 мм-ден кіші
болса, тығырық қолданылуы тиіс. Бетон қабырғаға
кем дегенде диаметрі 8 мм жəне ұзындығы 60 мм
бұранда керек.
Шынжыр пештің артқы жағына жəне қабырғаға
суретте көрсетілгендей, орнатылғаннан
кейін жермен параллель күйде тартылып
тұратындай бекітіңіз.
23
KZ
Құрылғы сипаттамасы
Басқару тақтасы
Жалпы шолу
ТЕРМОСТАТ
а
ТА ДАУ
а
ТЕРМОСТАТ
а
а
П
ОТТЫ ЫН
а а
а а
Э
а
Га
Ш
а а
Т
а
а
5-
4-
3-
2-
1-
С
а а
а а а а а а
БА ЫТТАУЫШ ЖОЛДАР
П
а
Ба а а а
ГРИЛЬ
МАЙ ЖИНАЙТЫН ТАБА
Р
а
Р
а
24
KZ
Қосу және пайдалану
Оттық
ø Ыдыс диаметрі (см)
Жылдам (R)
24 - 26
Жартылай
жылдам (S)
16 - 20
Қосымша (A)
10 - 14
Плитаны қолдану
Оттықтарды жағу
Әрбір ОТТЫҚ тұтқасында қатысты оттық
жалынының күшін көрсететін толық шеңбер бар.
Плитадағы оттықтардың бірін жағу үшін:
1. Оттыққа жалынды немесе газ жақпағын
жақындатыңыз.
2. ОТТЫҚ тұтқасын басып, ол ең жоғарғы жалын
параметріне бағытталғанша, сағат тіліне қарсы
бағытта бұрыңыз.
3. ОТТЫҚ тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұру
арқылы жалын күшін қажетті деңгейге реттеңіз. Ол
ең төменгі параметр, ең жоғарғы параметр немесе
екеуінің арасындағы кез келген позиция болуы
мүмкін.
Құрылғы электрондық жағу
құралымен* (суретті көріңіз)
жабдықталған болса, ОТТЫҚ
тұтқасын басып, оны оттық
жанғанша ең төмен жалын
параметріне қарай, сағат
тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
Тұтқа босатылғанда оттық
өшіп қалуы мүмкін. Бұл орын алса, тұтқаны ұзағырақ
ұстап, әрекетті қайталаңыз.
! Жалын байқаусыз өшірілсе, оттықты өшіріңіз де,
оны қайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут
күтіңіз.
Құрылғы жалынның өшіп қалуына қарсы
сақтандырғышпен* жабдықталған болса, жалынның
жанып тұруы және құралды іске қосу үшін ОТТЫҚ
тұтқасын шамамен 2-3 секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Оттықты өшіру үшін тұтқаны тоқтау позициясына
XXX жеткенше бұраңыз.
Оттықтарды пайдалану бойынша кеңестер
Оттықтар ең тиімді түрде жұмыс істеуі және
тұтынылатын газ мөлшерін үнемдеуі үшін қақпағы
бар және асты тегіс табаларды ғана қолданған
жөн. Сондай-ақ, олар оттықтың өлшеміне сәйкес
келуі тиіс. Оттық түрін анықтау үшін «Оттық пен
форсункалардың сипаттары» ішіндегі сызбаларды
қараңыз.
Пешті қолдану
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының бүйірлеріндегі
барлық пластикалық үлдірлерді алып тастаңыз.
1. ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы пісіру
режиміне ұсынылған температураны немесе қажетті
температураны таңдаңыз.
Тағам дайындау режимдері және ұсынылған тағам
дайындау температуралары туралы мәліметті
қамтитын тізімді тиісті кестеден табуға болады
(
«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер»
кестесін қараңыз).
Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді
орындауға болады:
•
ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
•
ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
•
Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын
орнату ( төмендегі мәтінді қараңыз).
•
РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындауды тоқтату.
!
Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз; бұл
эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар істігімен
пісірген кезде пеште тек 1-позицияны қолданыңыз.
!
Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
ТЕРМОСТАТ индикатор шамы
Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда. Пештің
іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді.
Бұл кезде шам жанып өшіп тұрады, сөйтіп термостат
жұмыс істеп тұрғаны және температураны бір
қалыпта ұстап тұрғаны көрсетіледі.
Пеш шамы
ТАҢДАУ тұтқасы «0» қалпынан басқа кез келген
қалыпқа бұралғанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп
тұрған кезде ол жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен
параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі
қосылмай, шам жанады.
25
KZ
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау
режимдерінің барлығына 50°C пен МАКС аралығында
кез келген температура мәні орнатылуы мүмкін:
• ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ (ұсынылған: тек МАКС
қуат деңгейін орнатыңыз).
• ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОС ГРИЛЬ
(кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
a
ТҰРАҚТЫ ПЕШ режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері
қосылады. Әдеттегі тағам дайындау режимі
қолданылғанда тартпаларды бір-бірден пайдаланған
дұрыс. Әйтпесе, қызу дұрыстап таралмайды.
b
ПЕШ ЖЕЛДЕТКІШІ режимі
Үстіңгі және төменгі қыздыру элементтері қосылады
және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Пештің
қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды біркелкі
қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны
пайдалануға болады.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Жоғарғы қыздыру элементінің ортаңғы бөлігі
қосылады. Грильдің жоғары және тікелей жететін
температурасын беттік температураның жоғары
болуын қажет ететін тағамдар үшін қолданған жөн
(бұзау мен сиыр еті, филе, стейк, антеркот). Бұл
пісіру режимі шектеулі қуат көлемін қолданады және
кіші тағамдарды грильде пісіруге қолайлы. Тағамды
тартпаның ортасына қоййыңыз, әйтпесе бір бұрышқа
қойсаңыз, ол дұрыс піспейді.
ҚОС ГРИЛЬ режимі
Жоғарғы қыздыру элементі мен айналмалы істік
қосылады.
Мұның арқасында әдеттегі грильден кең гриль
аумағы қамтамасыз етіледі және инновациялық
дизайн пісіру тиімділігін 50 %-ға арттырып,
бұрыштағы салқын аумақтардың пайда болуына жол
бермейді. Тағамның үстін біркелкі қызарту үшін осы
гриль режимін қолданыңыз.
ҚОС ГРИЛЬ режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі іске
қосылып, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы
мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның күшейтілген
айналымы арқылы қыздыру элементтерінің бір
бағытқа жылылық бөлуінің тиімділігін арттырады.
Жылудың тағам ішіне тиімді түрде таралуын
қамтамасыз ету арқылы тағамның үсті қызармайды;
сондықтан, гриль астында тағам пісірудің немесе
істікті қолданбай кесек ет бөліктерін грильде пісірудің
керемет жолы.
! ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ және ЖЕЛДЕТКІШ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОС ГРИЛЬ пісіру режимдерін
қосқан кезде пеш есігі жабық болуы тиіс.
! ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ пісіру режимдерін
қолданған кезде тартпаны 5-позицияға қойыңыз, ал
тағам пісіру қалдықтарын жинау (май және/немесе
тоң май) үшін май жинайтын табаны 1-позицияға
орналастырыңыз. ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ГРИЛЬ режимін қолданған кезде тартпаны 2- немесе
3-позицияға орналастырыңыз, ал тағам пісіру
қалдықтарын жинау үшін май жинайтын табаны
1-позицияға қойыңыз.
T
T
T
T
T
.
ЕСКЕРТУ! Пеш
тартпаларды алып
шығуға арналған
және пештен шығып
кетуіне жол бермейтін
шектегіш жүйемен
жабдықталған.
Сызбада
көрсетілгендей, толығымен шығарып алу үшін
тартпаларды алдыңғы шетінен ұстап көтеріп,
тартсаңыз (2) болғаны.
Бағдарламалағыш көмегімен пісіруді
жоспарлау
Сағатты орнату
Құрылғы тоққа қосылғаннан кейін немесе электр
қуаты ажыратылғаннан кейін дисплей автоматты
түрде 0:00 мәніне қайтарылады және жыпылықтай
бастайды. Уақытты қою үшін:
1. ПІСІРУ УАҚЫТЫ түймесін
және ПІСІРУ
АЯҚТАЛАТЫН УАҚЫТ түймесін
бір уақытта
басыңыз.
2. Бұл түймелерді басқаннан кейін 4 секунд ішінде
және
түймелерін басу арқылы дәл уақытты
орнатыңыз.
түймесі сағаттарды арттырады және
түймесі сағаттарды азайтады.
Уақытты орнатқаннан кейін бағдарламалаушы
автоматты түрде қолмен басқару режиміне өтеді.
Таймерді орнату
Таймер кері санақты орнатуға мүмкіндік береді.
Уақыт біткенде сигнал беріледі.
Таймерді орнату үшін төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. ТАЙМЕР түймесін
басыңыз. Дисплейде
төмендегілер көрсетіледі:
.
2. Қажетті уақытты орнату үшін
және
түймелерін басыңыз.
3. Түймелер жіберілгенде таймер кері санай
бастайды және дисплейде ағымдағы уақыт
көрсетіледі.
4. Уақыт біткеннен кейін сигнал беріледі; оны кез
келген түймені басу арқылы өшіруге болады (
және
түймелерінен басқа).
таңбасы өшеді.
! Таймер пешті қоспайды не өшірмейді.
Дыбыс сигналының дауысын реттеу
Сағат параметрлерін таңдап, оларды растағаннан
кейін дыбыс сигналының дыбыс деңгейін реттеу
үшін
түймесін пайдаланыңыз.
Пісіру уақытын және кешіктіріп бастауды орнату
Алдымен, қай пісіру режимін қолданғыңыз келетінін
шешіп алып, пештегі ТАҢДАУ және ТЕРМОСТАТ
тұтқаларымен қажетті температураны орнатыңыз.
Бұл кезде пісіру уақытын орнату мүмкін:
1. ПІСІРУ УАҚЫТЫ түймесін
басыңыз.
2. Бұл түймені басқаннан кейін 4 секунд ішінде
және
түймелерін басу арқылы қажетті уақыт
мөлшерін орнатыңыз. Мысалы, 30 минут пісіру
уақытын орнатқыңыз келсе, дисплейде келесі таңба
көрсетіледі:
3. Түймелерді жібергеннен кейін 4 секунд ішінде
дисплейде ағымдағы уақыт (мысалы, 10:00),
таңбасы және А әрпі (АВТО) қайта пайда болады.
Одан кейін пісіру аяқталатын уақытты орнату керек:
4. ПІСІРУ АЯҚТАЛАТЫН УАҚЫТ түймесін
басыңыз.
5. Бұл түймені басқаннан кейін 4 секунд ішінде
пісіру аяқталатын уақытты
және
түймелерінің
көмегімен реттеңіз. Мысалы, пісіру 13:00-де
аяқталсын десеңіз, дисплейде келесі көрсетіледі:
6. Түймелерді жібергеннен кейін 4 секунд ішінде
дисплейде ағымдағы уақыт (мысалы, 10:00) пен А
әрпі (АВТО) қайта пайда болады.
Бұл кезде пеш 12:30-да автоматты түрде
қосылып, 30 минуттан кейін, 13:00-де өшуге
бағдарламаланған болады.
Дереу басталатын пісіру уақытын орнату
Жоғарыдағы пісіру уақытын орнату процедурасын
орындаңыз (1-3 қадамдары).
! А әрпі көрсетілсе, демек пісіру уақыты мен
пісіру аяқталатын уақыт АВТО режимде
бағдарламаланған. Пешті қол режиміне қайтару үшін
әрбір АВТО пісіру режимінен кейін ПІСІРУ УАҚЫТЫ
және ПІСІРУ АЯҚТАЛАТЫН УАҚЫТ
түймелерін
бір уақытта басыңыз.
!
таңбасы пешпен бірге пісіру бағдарламасы
аяқталғанша жанып тұрады.
Орнатылған пісіру ұзақтығын ПІСІРУ УАҚЫТЫ
түймесін
басу арқылы кез келген уақытта
көрсетуге болады, ал пісіру аяқталатын уақытты
ПІСІРУ АЯҚТАЛАТЫН УАҚЫТ түймесін
басу
арқылы көрсетуге болады. Пісіру уақыты біткенде
дыбыс сигналы естіледі. Оны өшіру үшін
және
түймелерінен басқа кез келген түймені басыңыз.
Бұрын орнатылған пісіру бағдарламасынан бас
тарту
ПІСІРУ УАҚЫТЫ түймесін
және ПІСІРУ
АЯҚТАЛАТЫН УАҚЫТ түймесін
бір уақытта
басыңыз.
Бұрын орнатылған деректі түзету немесе одан
бас тарту
Енгізілген деректі тиісті түймені (ТАЙМЕР, ПІСІРУ
УАҚЫТЫ немесе ПІСІРУ АЯҚТАЛАТЫН УАҚЫТ)
және
не
түймесін басу арқылы кез келген
26
KZ
27
KZ
Бірнеше сөреде бір уақытта тағам дайындау
Екі тартпаны қолдану қажет болса, ЖЕЛДЕТКІШТІ
ҚОЛДАНЫП пісіру режимін
b
пайдаланыңыз,
себебі ол тағам дайындаудың бұл түріне қолайлы
жалғыз пісіру режимі. Сондай-ақ, төмендегілерді
орындауды жөн санаймыз:
• 1- және 5-позицияларды қолданбау керек.
Себебі, тым қатты тура бағытталған қызу ыстыққа
сезімтал тағамды күйдіріп жіберуі мүмкін.
• 2- мен 4-позиция қолданылады және көбірек
қызуды қажет ететін тағам 2-позициядағы
тартпаға қойылады.
• Пісіру уақыты мен температурасы әр түрлі
тағамдарды пісірген кезде ұсынылған екі
температураның («Пеште тағам дайындау
бойынша кеңестер» кестесін қараңыз) орташа
мәнін орнатыңыз және азырақ қызуды қажет
ететін тағамды 4-позицияға қойыңыз. Алдымен,
жылдамырақ пісетін тағамды алып шығыңыз.
• Температураны 220 °С-қа орнатып бірнеше
тартпада пицца пісірген кезде пеш 15 минут
алдын ала қыздырылады. Жалпы айтқанда,
4-позициядағы тартпада пісіру ұзағырақ болады:
алдымен, төменгі тартпа позициясындағы
пиццаны алып, одан бірнеше минуттан кейін
4-позициядағы пиццаны алып шыққан жөн.
• Май жинайтын табаны астыңғы жаққа, ал
тартпаны үстіңгі жаққа орнатыңыз.
Орнатылған уақыттан бас тарту
Дисплейде
0:00 уақыты көрсетілгенше - түймесін
басып, ұстап тұрыңыз.
Сигналдың дыбыс деңгейін реттеу
Сағат параметрлерін таңдап, оларды растағаннан
кейін дыбыс сигналының дыбыс деңгейін реттеу
үшін - түймесін пайдаланыңыз.
Төменгі бөлім
Пештің астында пештің
керек-жарақтары мен
терең ыдыстарды
сақтау үшін қолдануға
болатын бөлім бар.
Есікті ашу үшін оны
төмен қарай тартыңыз
(суретті қараңыз).
! Бөлімнің (бар болған жағдайда) ішкі беттері қызуы
мүмкін.
! Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ! Қыздырылса, шыны
қақпақша сынып кетуі мүмкін.
Қақпақты жаппас бұрын барлық
оттықтар мен электр конфоркаларды
өшіріңіз. *Тек шыны қақпағы бар
модельдер үшін қолданылады.
уақытта өзгертуге болады.
Пісіру уақыты дерегінен бас тартқан кезде пісіру
аяқталатын уақыт дерегі де автоматты түрде
жойылады және пісіру аяқталатын уақыт дерегінен
бас тартылса, пісіру уақыты дерегі де жойылады.
Пеш бағдарламаланған болса, ол бағдарламаланған
пісіру процесінің басталуынан бұрын келетін пісіру
аяқталатын уақытты қабылдамайды.
28
KZ
«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер» кестесі
Тағам
дайындау
режимдері
Тағамдар
Салмақ
(кг)
Тартпа
позициясы
Алдын ала
қыздыру
ұзақтығы (мин)
Ұсынылатын
температура
(°C)
Пісіру
ұзақтығы
(минут)
Статикалық
Үйрек
Қуырылған бұзау немесе сиыр еті
Қуырылған шошқа еті
Печенье (кішкентай кондитерлік өнімдер)
Бәліш
1
1
1
-
1
3
3
3
3
3
15
15
15
15
15
200
200
200
180
180
65-75
70-75
70-80
15-20
30-35
Желдеткіш
көмегімен
Пицца (2 тартпада)
Лазанья
Жас қой еті
Қуырылған тауық еті + картоп
Макрель
Йогурттан жасалған пирог
Көпіршітілген қаймақ қосылған бәліш (2 тартпада)
Печенье (2 тартпада)
Бисквит торты (1 тартпада)
Бисквит торты (2 тартпада)
Хош иісті бәліш
1
1
1
1+1
1
1
0.5
0.5
0.5
1
1.5
2 және 4
3
2
2 және 4
2
2
2 және 4
2 және 4
2
2 және 4
3
15
10
10
15
10
10
10
10
10
10
15
230
180
180
200
180
170
190
180
170
170
200
15-20
30-35
40-45
60-70
30-35
40-50
20-25
10-15
15-20
20-25
25-30
Үсті
Палтус пен каракатица
Кальмар мен асшаян кебабы
Нәлім филесі
Грильде пісірілген көкөністер
1
1
1
1
4
4
4
3/4
5
5
5
5
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
8-10
6-8
10
10-15
Қос гриль
Бұзау етінен пісірілген стейк
Котлет
Гамбургер
Макрель
Қуырылған нан
1
1
1
1
4 дана
4
4
4
4
4
5
5
5
5
5
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
15-20
15-20
7-10
15-20
2-3
Істікпен
Істікте қуырылған бұзау еті
Істікте қуырылған тауық еті
Істікте қуырылған жас қой еті
1.0
1.5
1.0
-
-
-
5
5
5
Ең жоғары
Ең жоғары
Ең жоғары
80-90
70-80
70-80
Желдеткіші
бар қос гриль
Грильде пісірілген тауық еті
Каракатица
Тауық еті (істікте)+
картоп (май жинайтын табада)
1.5
1.5
1.5
-
2
2
-
2
5
5
5
5
200
200
200
200
55-60
30-35
70-75
70-75
Істікпен
Істікте қуырылған бұзау еті
Істікте қуырылған тауық еті
Істікте қуырылған жас қой еті
1.5
1.5
1.5
-
-
-
5
5
5
200
200
200
70-80
70-80
70-80
29
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
•
Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен сериялық
нөмір тілімшесінде таңбалары көрсетілген
елдер үшін жарамды.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
•
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
• Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе
2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған)
құрылғымен бірге беріледі.
• Пешті балалардан аулақ ұстаңыз.
• Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
• Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
• Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық
болғанда плитаның шыны қақпағын (тек кейбір
модельдерде) жаппаңыз.
• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында
жанғыш сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.)
қолданбаңыз.
• Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне
жанғыш материалдар салуға болмайды. Егер
байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың
жануы мүмкін.
• Құрылғыны қолданбаған кезде тұтқалар •
позициясында екенін және газ шүмегі жабылғанын
тексеріңіз.
• Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым
айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
• Егер құрылғы істен шыққан болса, оны
ешбір жағдайда өз басыңызбен жөндеуге
әрекеттенбеңіз. Тәжірибесіз адам тарапынан
жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының
істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы
мүмкін. Көмек көрсету бөліміне хабарласыңыз.
• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Қоқысқа тастау
• Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай
жергілікті заңды қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Қолданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс
жинау қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті
жинау орындарына апаруға немесе, ағымдағы
ұлттық заңдар рұқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге
ауыстыру үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы
бойынша қайтаруға болады.
Үй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері
ескі және қолданыстан шыққан құрылғыларды
жинау және тастау жүйелерін жасауға және
ұйымдастыруға қатысады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
• Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
• ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ және ЖЕЛДЕТКІШІ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОС ГРИЛЬ режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою
қажет: Бұл қуатты сақтай отырып (шамамен 10%),
жақсы нәтижеге жеткізеді.
• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
KZ
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш
заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты
қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
жақсылап шайып, құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Тазалауды жеңілдету үшін плита торларын, оттық
қақпақтарын, жалынды тарату сақиналарын
және оттықтарды алып тастауға болады; оларды
абразивті емес жуғыш зат қосылған ыстық суда
жуып, жақсылап кептірмес бұрын күйіп қалған
қалдықтардың барлығы кеткенін тексеріңіз.
• Электр тұтату функциясы бар плиталарда
электрондық тұтату құралдарының ұшын жиі
тазалап, газ шығатын тесіктердің бітеліп қалмауын
тексеріп отыру керек.
• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
• Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш
затты немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек бетін тырнап,
оның сынуына әкелуі мүмкін.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты
жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш
машинаға жууға болады.
• Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып,
құрғатыңыз. Сондай-ақ, қалып қойған барлық су
тамшыларын сүртіп алу қажет.
Қақпақ
Пеш қақпақпен жабдықталған
болса, бұл қақпақты жылы
сумен тазалау керек. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Плитаның артқы жағын
тазалауды жеңілдету үшін
қақпақты шешіп алуға болады.
Қақпақты толығымен ашып,
оны жоғары қарай тартыңыз
(суретті қараңыз).
! Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық
болғанда қақпақты жаппаңыз.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі Өкілетті сатудан кейін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз. Тығыздағыштар
ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды
ұсынамыз.
Газ шүмегіне техникалық қызмет
көрсету
Уақыт өте вентильдер қатып қалуы немесе
бұрылмай қою мүмкін. Мұндай жағдай орын алса,
вентильді ауыстыру керек.
!
Бұл процедураны өндіруші өкілеттік берген
білікті маман орындауы тиіс.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан
кейін шам патронын жауып
тұрған шыны қақпақты шешіп
алыңыз (суретті қараңыз).
2. Шамды алып, оны сондай
басқа шаммен ауыстырыңыз:
кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт,
цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып,
пешті токқа қайтадан қосыңыз.
Көмек
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
30
KZ
31
:
1.
2.
(
)
3.
(
40°-
) (
)
40°
4.
,
(
)
5.
,
: «
».
6.
.
!
!
!
,
.
7.
,
«
»
.
8.
.
9.
(
).
10.
,
.
.
KZ
XEROX FABRIANO
11/2013 - 195117238.00
32
Document Outline - 19508519101_CSI-UK
- 085191KZ_CS4
Достарыңызбен бөлісу: |