Руководство по эксплуатации сушильный автомат



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата09.01.2017
өлшемі4,74 Mb.
#1493
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7

Синтетика

Жоғары 


қызу

1 кг


2 кг

3 кг


Автоматты ұзақтық

0:40 – 0:50

0:50 - 1:10

1:10 – 1:30

Автоматты минуттар

40-50


50-70

70-90


Уақыты белгіленген кептіру параметрі

1:00


1:00

1:00 не 1:30

Кір жуғыш машинадағы төмен сығу жылдамдығында кептіру уақыттары

Акрилат

Төмен қызу

1 кг

2 кг


Автоматты ұзақтық

Синтетика, тек кептіру уақыты

Уақыты белгіленген

кептіру параметрі

0:30

1:00


Кір жуғыш машинадағы төмен сығу жылдамдығында кептіру уақыттары

Ескертулер мен ұсыныстар

!

 Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына 

сай өңделіп шығарылған. Бұл ескертулер қауіпсіздік үшін 

берілген, сондықтан оларды мұқият орындау қажет.



Жалпы қауіпсіздік

•  Бұл кептіргіш қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыны 

қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда, 

дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі 

мен білімі жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде 

балалармен) қолданылуға арналмаған. 

•  Бұл кептіргіш үйде пайдаланылуға арналған, кәсіби 

пайдалануға арналмаған.

•  Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал 

болғанда ұстамаңыз.

•  Құрылғыны кабелінен емес, айырынан ұстап тарту 

арқылы розеткадан ағытыңыз.

•  Кептіргіш жұмыс істеп тұрғанда оған балалар 

жақындамауы тиіс. Кептіргішті пайдаланғаннан кейін оны 

өшіріп, розеткадан ағытыңыз. Балалар есікті ойыншық 

ретінде қолданбауы үшін оны жауып қойыңыз.

•  Балалар кептіргішпен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.

•  Құрылғы дұрыс орнатылуы тиіс және оның тиісті 

вентиляциясы болуы керек. Кептіргіштің алдыңғы 

жағындағы ауаның кіріс саңылауларын ешқашан жауып 

қоюға болмайды («Орнату» тарауын қараңыз).

•  Кептіргішті кілемге қойып пайдаланушы болмаңыз, себебі 

кілем кептіргішке ауаның астыңғы жақтан кіруіне кедергі 

жасайды.


•  Кірлерді салмас бұрын кептіргіш бос екенін тексеріңіз.

• 

Кептіргіштің артқы жағы қатты қызып кетуі мүмкін.  



  Жұмыс істеп тұрғанда оған тиюші болмаңыз.

•  Сүзгі, су ыдысы және конденсатор орындарына мықтап 

қойылғанша кептіргішті пайдаланбаңыз («Техникалық 

қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Кептіргішке тым көп кір салмаңыз (Ең көп жүктерді 

«Кірлер» тарауынан қараңыз).

•  Суы тамып тұрған заттарды кептіргішке салмаңыз.

•  Киім жапсырмаларындағы нұсқауларды мұқият тексеріңіз 

(«Кірлер» тарауын қараңыз).

•  Үлкен, өте көлемді заттарды кептіргіште кептірмеңіз.

•  Акрилат талшықтарын жоғары температураларда 

кептірмеңіз.

•  Әрбір бағдарламаны өзінің салқын айналдыру кезеңімен 

аяқтаңыз.

•  Кептіргіш ішінде жылы заттар болғанда кептіргішті 

өшірмеңіз.

•  Әрбір қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу» 

тарауын қараңыз).

•  Әрбір қолданудан кейін су ыдысын босатыңыз 

(«Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Конденсатор бөлігін мерзімді түрде тазалап отырыңыз 

(«Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Кептіргіш айналасында талшықтардың жиналуына жол бермеңіз.

•  Кептіргіштің үстіне шықпаңыз. Ол зақымдалуға әкелуі мүмкін.

•  Электр стандарттар мен талаптарды әрдайым орындаңыз 

(«Орнату» тарауын қараңыз).

•  Әрдайым түпнұсқалы қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды 

сатып алыңыз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).



Кептіргіште өрт шығу қаупін азайту үшін төмендегі 

шарттарды сақтау қажет:

•  Заттар жуғыш затпен және сумен жуылған, шайылған 

және сығу циклы арқылы өткізілген болса ғана 

заттарды кептіргіште кептіріңіз. Сумен ЖУЫЛМАҒАН 

заттарды кептіру өрт шығу қаупін төндіреді.

•  Химиялық өнімдермен өңделген киімдерді кептірмеңіз.

•  Май тамған немесе төгілген заттарды кептіргіште 

кептірмеңіз, себебі олар өрт шығу қаупін төндіреді. Май 

жұққан заттар, әсіресе кептіргіш сияқты қызу көздерінің 

әсерінен күтпеген кезде тұтануы мүмкін.  Заттар қызып, 

майдың тотығу реакциясына себеп болады, ал тотығу 

реакциясы қызу түзеді. Қызу ыдырап кетпесе, заттар 

тұтану температурасына дейін қызып кетуі мүмкін. Май 

жұққан заттарды қабаттастыру, үйіп қою немесе сақтау 

салдарынан қызу ыдырамай, өрт шығу қаупі төнеді. 

Май тамған маталарды немесе шаш күтіміне арналған 

өнімдер жұққан маталарды кептіргіште кептіру қажет 

болса, оларды алдымен қосымша жуғыш зат қосып 

жуу керек. Сөйтіп, өрт шығу қаупі азаяды, бірақ мүлдем 

жоғалмайды. Заттардың температурасын төмендету 

үшін салқын айналдыру кезеңін қолдануға болады. 

Ыстық күйде оларды кептіргіштен шығарып, үйіп не 

қабаттастырып қоюға болмайды.

•  Бензинмен, химиялық тазарту ерітінділерімен я басқа 

тұтанғыш не жарылғыш заттармен тазаланған, жуылған, 

олардың ішіне салынып қойған немесе олар тиген 

заттарды кептіргіште кептіруге болмайды. Тұрмыстық 

жағдайда қолданылатын өте тұтанғыш заттарға май, 

ацетон, ішуге жарамайтын спирт, керосин, дақ кетіргіштер, 

скипидар, балауыз және балауыз кетіргіштер кіреді. Бұлар 

жұққан заттарды кептіргішке салмас бұрын көбірек жуғыш 

зат салып, ыстық суда жуыңыз.

•  Поролон (латекс көбігінен жасалған материал деп те 

аталады) немесе оған ұқсас материалдардан жасалған 

заттарды кептіргіште кептірмеңіз. Пеноматериалдар 

қызған кезде өзінен өзі тұтануы мүмкін.

•  Статикалық зарядтарды кетіру үшін кептіргіште 

жұмсартқыш я оған ұқсас өнімдерді, өндірушісі мұндай 

мақсатта қолдануға болатынын анық көрсетпеген 

болса, қолданбаңыз.

•  Металл заттар салынған ішкі киімдерді, мысалы металл 

сымдары бар бюстгальтерлерді кептіргіште кептіруге 

болмайды. Кептіру кезінде металл бөліктер босап кетіп, 

кептіргішке зақым келуі мүмкін.

•  Душ қалпақтары немесе сәбилердің су өткізбейтін 

жабындары сияқты резеңке немесе пластмассалық 

заттарды, полиэтилен немесе қағазды кептіргіште 

кептіруге болмайды.

•  Резеңке төселген заттарды, көбік резеңке төсемдері 

бар киімдерді, жастықтарды, галоштарды және 

резеңкемен қапталған спорттық аяқ киімдерді 

кептірмеңіз.

•  Қалталардағы заттарды, әсіресе шақпақтарды алып 

тастаңыз.



!

 ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам алынып, қызу 

шашылып кететіндей таратылмаса, кептіру циклы 

аяқталмағанша кептіргішті тоқтатушы болмаңыз.



Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу

•  Кептіруден бұрын артық суды шығару үшін барлық 

заттарды жақсылап сығыңыз (кір жуғыш машинаны 

қолдансаңыз, жылдамдығы жоғары сығу циклын 

таңдаңыз). Мұның нәтижесінде, кептіру барысында 

уақыт пен қуат үнемделеді.

•  Әрдайым толық жүк салып кептіріңіз – бұл қуатты 

үнемдейді: бір зат немесе аз жүк кебу үшін ұзақ 

уақытты қажет етуі мүмкін.

•  Қуатты тұтыну шығындарын азайту үшін әрбір 

қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу» тарауын 

қараңыз).



36

KZ

Сүзгі


Конденсор бөлігі

Конденсор бөлігі

Шүмек

Артқы жағы



Алды

Ілмектер


Конденсор қақпағы

Ауа кіргізу

Су ыдысы

Токты ажырату

!

 Пайдаланбаған кезде, оны тазалаған кезде және 

техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарған кезде 

кептіргішті розеткадан ағытып қойыңыз.



Әрбір циклдан кейін сүзгіні тазалау  

Сүзгі – кептіргіштің негізгі құрамдас бөлігі: оның 

функциясы – кептіру кезінде түзілетін талшықтар мен 

түйіршіктерді жинау.

Кептіру аяқталғаннан кейін сүзгіні су ағыны астында шаю 

арқылы немесе шаңсорғышпен тазалаңыз. Сүзгі бітеліп 

қалса, кептіргіш ішіндегі ауа ағыны өте нашарлайды: кептіру 

уақыттары ұзарып, көбірек қуат қолданылады. Оған қоса, 

кептіргіш зақымдалуы мүмкін.

Сүзгі кептіргіштің тығыздағышының алдында орналасады 

(Суретті қараңыз).

Сүзгіні алып тастау:

1. Сүзгінің пластикалық 

тұтқасын жоғары қарай 

тартыңыз (Суретті қараңыз).

2. Сүзгідегі түйіршіктерді 

тазалап, оны орнына дұрыстап 

қойыңыз. Сүзгі кептіргіш 

тығыздағышымен жабылып, 

орнына қойылғанына көз 

жеткізіңіз. 

!

 Сүзгі тұтқышына қайта 



қойылмаған болса, кептіргішті 

пайдаланбаңыз. 



Әрбір циклдан кейін барабанды тексеру

Кептіргіш ішінде қалып қою мүмкін кіші заттарды (кіші 

орамалдар) алу үшін барабанды қолмен айналдырыңыз.

Барабанды тазалау

!

 Барабанды тазалау үшін абразивті заттарды, болат 

жүнін немесе тот баспайтын болатты тазартқыш заттарды 

қолданбаңыз.

Тот баспайтын болат барабанда түрлі-түсті үлдір пайда болуы 

мүмкін: ол су және/немесе кондиционер сияқты жуудан қалған 

тазартқыш заттардың қосылуынан түзілуі мүмкін. Бұл түрлі-түсті 

үлдір кептіргіштің тиімділігіне әсер етпейді. 



Әрбір циклдан кейін су ыдысын босату

Су ыдысын шығарып алып, оны шұңғылшаға немесе 

басқа канализацияға ағызу жеріне босатыңыз, одан кейін 

орнына дұрыстап қойыңыз.

Жаңа кептіру бағдарламасын бастамас бұрын, әрдайым 

су ыдысын тексеріп, босатып отырыңыз.



Конденсор бөлігін тазалау

•  Конденсор бөлігін мерзімді түрде (ай сайын) шығарып алып, 

конденсордың артқы жағынан суық сумен шаю арқылы, 

тілімшелерін түйіршік қалдықтарынан тазалап отырыңыз. 

Конденсорды шығарып алу:

1. Кептіргішті розеткадан ағытып, есікті ашыңыз.

2. Конденсор қақпағын ашыңыз (Суретті қараңыз), сағат 

тіліне қарама-қарсы бағытта 90°-қа бұру арқылы үш 

ілмекті босатыңыз, одан кейін конденсорды шығарып 

алу үшін қысқыштан тартыңыз.

3. Тығыздағыштардың бетін тазалап, ілмектері мықтап 

жабылғанына көз жеткізіп, көрсеткілерді жоғары 

қаратып бөлікті орнына салыңыз.

Кептіргішті тазалау

•  Метал мен пластиктен жасалған сыртқы жақтарын және резеңке 

бөлшектерін дымқыл шүберекпен тазалауға болады.

•  Жиналып қалған кез келген түйіршіктерді, талшықтарды 

немесе шаңды тазалап алу үшін мерзімді түрде (6 

ай сайын) алдыңғы ауа кіргізу торын шаңсорғышпен 

тазалаңыз. Оған қоса, анда-санда шаңсорғышпен 

конденсордың алдыңғы жағын және сүзгі аумағын 

талшық қалдықтарынан тазалаңыз.

!

 Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.



!

 Кептіргшіте майлауды қажет етпейтін доп түріндегі 

мойынтірек құрамдас бөліктері қолданылады.

!

 Электр және механикалық бөліктер қауіпсіз түрде жұмыс 

істейтінін қамтамасыз ету үшін кептіргішті мерзімді түрде өкілетті 

техникалық мамандарға тексертіңіз («Көмек» тарауын қараңыз).



Күтім көрсету және 

техникалық қызмет көрсету

37

KZ

Ақаулықтарды жою

Бір күні кептіргіш дұрыс жұмыс істемейтіндей болады. Қызмет көрсету орталығына хабарласпас («Қызмет көрсету» 

тарауын қараңыз) бұрын төмендегі ақаулықтарды жою ұсыныстарын қарап шығыңыз.

Ықтимал себептері / шешімдері:

  Айыр розеткаға қосылмаған немесе тимей тұр.



•  Ток өшкен.

•  Сақтандырғыш жанып кеткен. Розеткаға басқа құрылғыны қосып көріңіз.

•  Ұзартқыш сымды пайдаланып отырсыз. Кептіргіштің ток сымын розеткаға 

тікелей қосып көріңіз.

•  Есік мықтап жабылмаған.

•  Бағдарлама дұрыс орнатылмаған («Бастау және бағдарламалар» тарауын 



қараңыз).

БАСТАУ түймесі басылмаған («Бастау және бағдарламалар» тарауын 



қараңыз).

•  Кешіктіру уақытын орнатқансыз («Бастау және бағдарламалар» тарауын 



қараңыз).

•  Сүзгі тазаланбаған («Жөндеу» тарауын қараңыз).

•  Су ыдысын босату керек пе? Су ыдысын босату туралы хабар көрсетіледі 

ме? («Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Конденсорды тазалау керек («Жөндеу» тарауын қараңыз).

•  Кептіріп жатқан мата түрі үшін температура параметрі қолайлы емес 



(«Бастау және бағдарламалар» және «Кірлер» тарауларын қараңыз).

•  Осы жүк үшін дұрыс кептіру уақыты таңдалмаған («Кірлер» тарауын 



қараңыз).

•  Ауа кіретін тор бітелген («Орнату» және «Техникалық қызмет көрсету» 



тарауларын қараңыз).

•  Заттар тым дымқыл («Кірлер» тарауын қараңыз).

•  Кептіргішке тым көп зат салынған («Кірлер» тарауын қараңыз).

Су ыдысы бағдарламаның басында босатылмаған болуы мүмкін. Суды төгу 

сигналы берілгенін күтпеңіз, әрқашан жаңа кептіру бағдарламасын бастаған 

кезде ыдысты тексеріп, босатыңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын 



қараңыз).

  Бұл – әдеттегі 



ЦИКЛ СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН 

БОСАТУ хабары. Ол ыдысты босату туралы еске салу үшін көрсетіледі 

(«Дисплей» тарауын, «Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз)

Қауіпсіздік мақсатында, кептіргіште ең көп бағдарлама уақыты – 5 сағат. Егер 

автоматты бағдарлама қажетті соңғы дымқылдықты сезбесе, бұл уақытта 

кептіргіш бағдарламаны аяқтап, тоқтайды. Жоғарыдағы жағдайларды 

тексеріп, бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз, егер кірлер әлі де тым 

дымқыл болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз («Қызмет 



көрсету» тарауын қараңыз).

•  Дисплейде қате көрсетілсе, құрылғыны өшіріп, айырды ағытыңыз; сүзгі 

мен конденсор бөлігін тазалаңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын 

қараңыз). Одан кейін айырды қайта қосып, құрылғыны қосыңыз да, басқа 

бағдарламаны бастаңыз. Қате көрсетілсе, нөмірді жазып алып, қызмет 

көрсету орталығына хабарласыңыз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

•  Кептіргіш «Демо» режимінде. Қосу/өшіру және бастау/тоқтата тұру 

түймелерін бірге басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Дисплейде 3 секунд 



ДЕМО 

РЕЖИМІ ӨШІРУЛІ жазуы көрсетіліп тұрады, одан кейін кептіргіш қалыпты 

режимде жұмыс жалғастырады.

•  Қуатты үнемдеу үшін кептіргіш күту режиміне өткен. Кептіргішті қосып кеткен 

болсаңыз немесе ток өшкен болса, бұл орын алады.

- бағдарламаны бастамай, кептіргішті қалдырып кетсеңіз;

- кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін.

- Кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін.

Қосу


/Өшіру түймесін басып ұстап тұрыңыз, сонда шамдар қайтадан 

жанады.


Ақаулық:

Кептіргіш қосылмайды

Кептіру циклы басталмайды.

Кептіру үшін ұзақ уақыт керек

Суды төгу хабары көрсетіледі, бірақ 

кептіргіш біраз ғана жұмыс істеді.  

Суды төгу хабары көрсетіліп тұр, 

бірақ су ыдысы толы емес.

Бағдарлама аяқталады, бірақ киімдер 

күтілгендей құрғақ емес

Дисплейде «F» әрпі мен бір не екі 

саннан тұратын ақаулық коды 

көрсетіледі

Дисплейде 6 секунд сайын аз ғана 

уақыт ДЕМО РЕЖИМІ ҚОСУЛЫ жазуы 

көрсетіледі.

Кептіргіштің басқару тақтасындағы 

шамдар өшіп тұр, бірақ кептіргіш 

қосулы.

38

KZ

Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласпас 

бұрын:

• Ақаулықтарды өзіңіз шеше алатыныңызды не шеше 

алмайтыныңызды тексеру үшін ақаулықтарды жою 

нұсқаулығын қараңыз («Ақаулықтарды жою» тарауын 

қараңыз).

• Олай болмаса, кептіргішті өшіріп, сізге ең жақын 

Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласыңыз. 

Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласқан 

кезде мына деректерді беріңіз:

• атыңыз, мекенжайыңыз және пошталық индекс

• телефон нөмірі

• ақаулық түрі

• сатып алу күні

• құрылғының моделі (Мод.)

• кептіргіштің сериялық нөмірі (С/н).

Бұл ақпаратты есіктің артында орналасқан техникалық 

деректер тақтасынан табуға болады.

Қосалқы бөлшектер

Бұл кептіргіш күрделі құрылғы болып табылады. Өзіңіз 

немесе өкілетті емес адамның көмегімен жөндетуге 

тырыссаңыз, ол қауіпсіздікке немесе адамдарға қауіп 

төндіруі, құрылғының зақымдуы немесе қосалқы 

бөлшектер кепілдігінің күшін жоюына әкелуі мүмкін.

Құрылғыға қатысты ақаулықтарға тап болсаңыз, білікті 

техникалық маманға хабарласыңыз. Қосалқы бөлшектер 

осы құрылғыға арнайы жасалған, олар басқа мақсатта 

қолданылуға арналмаған. 



Көмек

Қайта өңдеу және қоқысқа тастау жөнінде ақпарат 

  

Қоршаған ортаны қорғау ынтамыздың бір бөлігі ретінде, тұтынушы шығындарын төмендету және материалдардың ысырап болуын 



барынша азайту үшін қайта өңделген сапалы құрамдас бөліктерді пайдалану құқығын қалдырамыз.

•  Орама материалдарын қоқысқа тастау: орама материалдарын қайта өңдеуге мүмкіндік беру үшін жергілікті заңдарды 

орындаңыз.

•  Балалардың жарақаттану қаупін барынша азайту үшін есік пен айырды алып тастаңыз, ток сымын қиып алып, құрылғымен 

бірге тастаңыз. Құрылғыны қайтадан розеткаға қосу мүмкін болмауын қамтамасыз ету үшін бұл бөлшектерді бөлек 

тастаңыз.



Ескі үй құрылғыларын қоқысқа тастау

Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2012/19/EC Еуропа заңнамасына сәйкес 

үй құрылғылары қалыпты толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық 

денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, құрылғылардың ішіндегі материалдарды қайта пайдалану және қайта 

өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында қолданылған құрылғылар бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған шеңбер 

ішіндегі қоқыс жәшігінің таңбасы өнім иесінің бөлек қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады.

Үй құрылғыларын дұрыс қоқысқа тастау жөнінде ақпарат алу үшін иелер жергілікті басқару мекемелеріне немесе 

сатушыларына хабарласулуы керек.



 

Бұл құрылғы төмендегі ЕЭО директиваларына сәйкес келеді: 

- 2006/95/EC (Төмен кернеу директивасы)  

- 2004/108/EC (Электр магниттік сәйкестік директивасы). 

39

 

Бұл құрылғы төмендегі ЕЭО директиваларына сәйкес келеді: 

- 2006/95/EC (Төмен кернеу директивасы)  

- 2004/108/EC (Электр магниттік сәйкестік директивасы). 

Техникалық ақпарат

Өнім

Кептіргіш



Сауда белгісі

Өндірушінің сауда 

белгісі

Модель

TCD 97B 6H (EU)



Өндіруші

Indesit Company



Өндіру елі (шыққан 

жері)

Англия


Ең көп жүк

9 кг

Кернеу мен кернеу 

ауқымының 

номиналды мәні

220-240 В ~



Ток немесе ток жиілігінің 

шартты белгісі

50 Гц


Тұтынылатын қуат

2300-2700 Вт



Қуат тұтыну класы

B

Тұтынылатын қуаттың 



орташа мәні

615,8 кВт/жыл



Ток соғудан қорғау 

класы

I қорғау класы



Келесі электрондық 

пошта мекенжайына 

өтінім жіберіп, 

куәландыру 

туралы ақпарат 

немесе сәйкестік 

сертификаттарының 

көшірмесін алуға 

болады: cert.rus@

indesit.com.

 

Өндіру күнін 



сериялық нөмірден 

(С/н XXXXXXXXX * 

XXXXXXXXXXX) келесі 

жолмен табуға болады:

 - С/н 1-саны өндіру жылының соңғы 

саны,

 - С/н 2- және 3-саны өндіру айының 



реттік нөмірі,

  - С/н 4- және 5-саны өндіру күнінің 

реттік нөмірі.

Өндіруші құрылғының өнімділігіне әсер етпейтін дизайн 

мен өнім параметрлеріне қатысты алдын ала ескертусіз 

өзгеріс енгізу құқығын сақтайды. Осы нұсқаулықта берілген 

кейбір параметрлер шамаланып көрсетілген. Өндіруші 

осы мәндерден сәл ауытқуға жауапты болмайды. Бұл 

кітапшадағы басып шығару немесе көшіру қателеріне 

жауапты болмаймыз.

Өндіруші:

Viale A. Merloni 47, 60044, Fabriano 

(AN), Италия

Импорттаушы:

OOO “Indesit RUS”



Кез келген сұрақтарыңыз 

болса, оларды төмендегі 

мекенжайға хатпен 

жолдаңыз:

01.01.2011 бұрын: Ресей, 129223, 

Мәскеу, Мир даңғылы, ВВЦ, пав. 

46; 01.01.2011 кейін: Ресей, 127018, 

Мәскеу, Двинцев к-сі, 12-1


04/2013

 

-



 

Xerox Fabriano




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет