С. А. Алиева, Г. С. Шамшиева



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата23.04.2023
өлшемі283,2 Kb.
#85872
1   2   3   4   5   6
Ключевые слова: казахское общество, казахский народ, пословицы и поговорки, исторический 
источник, история, хозяйство, традиция.
Кіріспе 
Кез келген халықтың ерте замандардан 
тырнақтап жинап, шаң жуытпай сақтап, ата-
дан балаға мұра ретінде қалдырып келе жатқан 
асыл қазынасының бірі – мақал мен мәтел. 
Мақал мен мәтел жай сөз емес, ол – сөз атасы, 
сөз көркі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, 
қысқа болса да, нұсқа сөз. Ауызекі тілде болсын, 
жазу тілінде болсын дәл мақал-мәтелдей сөзге 
сараң, мазмұнға бай ешбір шығарма түрі жоқ. 
Халқымыздың асқан даналық, таң қаларлықтай 
шешендік қасиеттерін өз бойында дәл мақал мен 
мәтелдей мол және әр жақты жинап сақтаған 
шығарма жанры болған емес. Халық қай жерде 
ұзақ уақыт өмір сүрсе, сол жердің географиялық 
ерекшелігі, сол халықтың тарихи-табиғи ортаға 
бейімделуі, мәдениеті, тарихы оның лексикасы-
нан, сөздік қорынан көрініс табады. Қазақтың 
мақал-мәтелдері ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сынан бері қарай ел арасынан жиналып, басы-
лып келеді. Қазақтың шешендік-тапқырлық
мақал-мәтел, нақыл сөздерін алғаш жинап жа-
риялаушы ағартушы – Ыбырай Алтынсарин. Ол 
халық даналығының балаларды тапқырлыққа, 
өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбиелік 
мәнін дұрыс түсінген ағартушы ретінде дер 
кезінде қажетке жарата білді.
Материалдар мен әдістер 
Біз бұл мақалада тарихи зерттеулерде көп 
қол данылатын – қазақ және орыс тіліндегі мақал-
мәтелдердің зерттелуінде пайдаланылатын са-
лыстырмалы әдісті, уақыт бойынша жүйелейтін 
– мерзімдік әдісті және жалпы қоры тынды 
шығаруға көмектесетін логикалық және жүйе-
лілік әдістерді қолданамыз. Сонымен қатар, осы 
уақытқа дейінгі шыққан еңбектерге сараптама 
жасай отырып, талдау жұмыстарын жүргіземіз.
Мақаланың деректік қорларына, осы уақытқа 
дейін шыққан қарастырылып отырған мәселе 
бойынша шетелдік және отандық, кеңестік Ресей 
зерттеушілерінің еңбектері, орыс, қазақ мақал-
мәтелдерінің жинақтары жатады. Бұрын мақал-
мәтелдерді зерттеу әдебиетші тілші мамандардың 
еншісінде болып келсе, ХХІ ғасырдағы жаңа 
теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тарих-
шы мамандар да халықпен бірге жасап келе 
жатқан ой-санамен, мәдениетпен және адамның 
тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты мақал-
мәтелдерге назар аудара бастады. Мақал-
мәтелдерге танымдық тұрғыдан қарау, басқа да 
деректермен салыстыра зерттеп, тұжырымдар 
жасау дәуір, кезең, қоғам тынысын, халықтың 
шаруашылығы мен мәдениетін тануға мүмкіндік 
береді. Мақал-мәтелдерді зерттеу барысында 
жинақтау, жүйелеу, топтау, текстологиялық тал-
дау, салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Мақал-
мәтел, нақыл сөздерді зерттейтін паремио логия 
ғылымының принциптері де негізге алынды (Але-
фиренко, 2018: 344; Ошева, 2013: 75-88; Пермя-
ков, 1988: 240). Мақаланы жазу – жалпы ғылыми 
тарихи принципке, жүйелілікке, салыстырмалы 
талдауға негізделді. Қазақ мақал-мәтелдерінің 
мәтіндеріне құрылымдық талдау жасаумен біраз 
жыл іздену нәтижесінде ғалымдар төмендегідей 
қорытындыларға келген болатын. Қазақ мақал-
мәтелдерін дәстүрлі тақырыптық топтарға 
бөлу (Отан, еңбек, мал, достық, т.б.) жанрдың 
табиғатын толық ашып бере алмайды. Жанрға 
құрылымдық талдау жасау принципі ғана 
мақал мен мәтелдің табиғатын, жанрлық, өзара 
ауысу, өзгеру, мағыналық даму құбылыстары 
мен заңдылықтарын нақты дәлелді түрде 
анықтайды. Себебі, кіші жанрларды былай-
ша топтастыру олардың сыртқы белгілеріне 
қарай емес, объективті заңдылықтарға, 
яғни барлық мәтіндердің ортақ белгілерін 
ажыратуға негізделетіндіктен, шын мәніндегі 


153
С.А. Алиева, Г.С. Шамшиева
типологиялық зерттеулердің өзегі болып та-
былады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет