С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет180/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   396
экономикалық 

тәрбие  


229 

мәселелерін  тіпті  мектепке  дейінгі  балаларды  актуалды  етті. 

Балалар  кішкентай  кездерінен  бастап:  ақшалар,  заттар,  еңбек, 

құнды  нәрселер  сияқты  экономикалық  категорияларымен 

араласатын болады  

А.  Д.  Шатованың  шығарған  «Мектепке  дейінгі  балалар 

мен  экономика»  бағдарламасында  білімдер  мен  мазмұны 

балалармен  бірге  жасалатын    әдістемелік  жұмыстарды  төрт 

бөлімге    бөліп  топтастырады.  «Еңбек  -  өнім»,  «Ақша», 

«Жарнама», «Тұрмыста пайдалы машықтар мен әдеттер» ойдың 

экономикалық  ой-пікірінің  қалпын,  яғни  түрін  қалыптастыру 

жөніндегі  жұмыстар  барысында    балаларда  адам  өмірінің 

адамдығының,  адамгершілігінің  негізінде  бірінші    еңбек 

жатқаны туралы тусініктер нақылданады және де  қалыптасады. 

Адам  өз  еңбектерімен  тек  қана  өзі  үшін  ғана  емес, 

айналасындығы  барлығы  үшін  де  заттар  жасауға  тырысады. 

Адамдар  бірнеше  заттар  жасап,  жұмыстар  істеп,  адамдар 

ақшалар  табады,  олар  жинаған  ақшаға  өздеріне  өте  қажет  және 

олар үшін басқа адамдар жасап шығарған заттарды сатып алады. 

Бағдарлама  балалар  тұлғаларының  дамуымен    байланысты 

бірнеше  маңызды  теориялық  ережелерден  құралған:  әр  тұлға 

әрекеттен  дамиды;  Адамның  негізгі  әрекеті  (қызметі)  еңбек 

болып  табылады;  экономикалық  тәрбиенің  тәрбиелік  мәні 

саналы  қажеттіліктерді  дамытуды  және  қоршаған  табиғат  пен 

заттар әлеміне ұқыпты қарауда. 

«Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  және  экономика» 

бағдарламасы  мектепке  дейінгі  үлкен  жастағы  балаларға 

бағытталған,  бірақ  ойлаудың  экономикалық  қалпының 

алғышарттарын  қалыптастыру  бойынша  жұмысты  айтарлықтай 

ертерек бастауға болады және бастау қажет. Мұндай жұмыстың 

бірінші  кезеңінде  балалар  өздерінің  әлеуметтік  тәжірибесін 

әлемге  қарым-қатынасын  сипаттайтын  жекелеген  мысалдармен 

байытады: 

ересек 


(үлкен) 

адам 


киімді 

былғамауға, 

ойыншықтрды  сындырмауға,  азықты  (тамақты)  тастамауға 

үйретеді.  Ол  балаға  этикалық  әңгімелер  барысында  емес, 




230 

күнделікті  өмірде  туындайтын  нақты  жағдайлардың  арқасында 

үйретуге  болады.  Сондай-ақ  үлкеннің  нақты  мысалдармен 

бірден  балаларға  жағдайды  түзетуді  үйреткені  маңызды: 

«Ойыншық сынып қалды ма? Бұл жаман, бірақ Біз сенімен бірге 

жөндей  аламыз,  содан  кейін  аюдың  аяғын  бұдан  былай 

тартпайтын  боламыз,  жақсы  ма?»;  «Көйлек  былғанып  қалды, 

өкінішті, бірақ біз оны жуа аламыз, қыз бала әрқашан таза және 

әдемі  болып  жүруі  керек  қой.»  және  т.б.  Үлкен  адам  сондай 

жағдайларда  бірден  бірнеше  мәселені  шешеді:  заттарға  ұқыпты 

қатынастың маңыздылығына назар аудартады (белгілейді) және 

осындай  қатынастың  жолын  (тәсілін)  көрсетеді,  баланың  өз 

күшіне  сенімділігін  қалыптастырады,  еңбекпен  қиын  жағдайды 

түзетуді  түсіндіреді.  Мектепке  дейінгі  кіші  балалар  да  ересек 

адам  назар  аудартса,  ата-ананың  су  мен  электр  тоғына  ұқыпты 

қатынасуын  көре  алады:  «Мына  бөлменің  жарығын  өшірейік, 

қазір  ешкім  жоқ  қой»  және  т.б.  Сонымен,  баланың  жүйелік, 

саналық  түрде  әрекеттің  экономикалық  жағы  туралы  мағлұмат 

ала  бастауына  дейін  сәбиде  дүниеге  қатынас  нормалары  мен 

ережелері  туралы  түсінік  қалыптасады.  Баланың  тәжірибесінде 

осындай жекелеген мысалдар неғұрлым көп жиналса, соғұрлым 

оның  үлкенірек  жасында  жинақтауға  және  қорытындылауға 

көбірек матерал болады.  

         Маңызды  мәселенің  бірі  -  саналы  қажеттіліктерді 

тәрбиелеу.  Бұл  тұлғаның  адамгершілік,  ерік-жігерлік,  ақыл-ой, 

еңбек және экономикалық дамуы мәселесі. Бала неғұрлым үлкен 

болған  сайын  соғұрлым  ол  өзіне  ұнайтын,  ие  болғысы  келетін 

нәрселер мен заттарды көреді. Ересектердің алдында, біріншіден 

ата-аналар, ата-әжелердің алдында балаға өз тілектерін шектеуді 

үйрету  мәселесі  тұрады.  Бұл  ретте  шектеу  саналы  және 

біртіндеп бала түсінетіндей болуы қажет. Балаға әрдайым үзілді-

кесілді:  «Біз  қазір  дүкенге  кіргенде,  менен  ешнәрсе  туралы 

сұрама,  менде  ақша  жоқ»  -  деуге  болмайды.  Мұнымен  үлкен 

(ересек)  адам  өзіне  бірден  қарама-қарсы  мәселені  шешеді, 

өйткені  бала  ішінен:  «тыйым  салынған  жеміс  дәмді  болады»  - 



231 

деп ойлайды. Одан да баланы ақыл-естілікке баулыған жөн: «Біз 

саған  тек  ең  қажеттіні  сатып  алып  береміз,  жаман  нәрселерді 

сатып  алуға  болмайды.  Кейде  сатып  алу  күнін  ұйымдастыруға 

болады.  Еңбекпен  тапқан  ақшаның  және  өз  қажеттілліктерін 

қанағаттандыру  мүмкіндігінің  арасындағы  байланысты  балалар 

өз ойындарында да түсіне алады. Кейде ересек топтарда балалар 

өз қолдарымен жасаған заттар сатылатын дүкен ұйымдастыруға 

болады.  Олар  балалар  жасаған  өз  ақшалары  -  «балабақша 

валютасына»  сатылады.  Оларға  өз  атауын  қоюға  болады, 

мысалы  «бақшалықтар»:  заттың  құны  3  «бақшалық».  Балалар 

(үйде  немесе  балабақшада)  бұйымдарды,  ойыншықтарды, 

суреттерді  және  т.б.  заттарды  қолдан  жасайды.  Сапасы  жоғары 

болуы  керек.  Тәрбиеші  «тауарды»  автордан  белгілі  бір 

«бақшалықтарға»  сатып  алып,  кейін  соның  бәрін  дүкен 

сөрелеріне қойып қояды, содан кейін балалар өздері қазір сатып 

алатын  немесе  тағы  еңбектеніп  қосымша  ақша  табу  керектігін 

анықтайды  және  есептейді.  Балалар  бұл  ойынды  аса  қатты 

қызығушылықпен  ойнайтын  болады  және  де  сапа  мен  баға 

арасындағы,  кеткен  еңбек  пен  қажеттілікті  қанағаттандыру 

мүмкіндігі арасындағы байланысты түсіне бастайды. 

    Экономикалық  тәрбие  беру  -  біздің  балаларымызға,  әсіресе 

мектепке  дейінгі  балаларға,  тәрбие  берудегі  енді  дами  бастаған 

жаңа  сала.  Бұнда  қарама  -қайшылықтар  мен  қазірше  оның 

жауабы  жоқ  сұрақтар  көп.  Бірақ  осындай  тәрбиенің  өзектілігі 

даусыз,  ол  заман  талабымен  және  балаларды  жан-жақты 

дамуының үлкен мүмкіндіктерімен туындаған.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет