С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ойынды дамытудың үшінші кезеңі



Pdf көрінісі
бет288/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Ойынды дамытудың үшінші кезеңі бір жастың аяғынан екі 

жастың  басына  жатады.  Сюжеттік-бейнелеп  көрсету  ойыны 

қалыптасады,  мұнда  балалар  күнделікті  өмірде  алған  әсерлерін 

белсенді  көрсете  бастайды  (қуыршақты  әлдилейді,  қонжықты 

тамақтандырады).  Тәрбиеші  олардың  жеке  тәжірибесі  бойынша 

таныс  өмірлік  жағдаяттарды  ойын  (шартты)  түрінде  көрсетуге 

үйретеді.  Сюжеттік-рөлдік  ойынды  дамыту  үшін  бейнелі 

ойыншықтар қажет, олардың көмегімен педагог балаларды ойын 

міндеттерін  шешге  тартады  («Қонжық  серуендегісі  келіп  тұр, 

оны  шанада  ойнатшы»;  «Көжек  шаршады,  оны  ұйқтауға 

жатқызшы»;  «Ляля  атты  қуыршақ  тамақ  жегісі  келеді,  оған 

ботқа  псірші»).  Баланың  алдына  қызметтің  шартты-ойын 

мақсаты  қойылады,  оған  сәби  ойын  тәсілдері  және 

құралдарымен  жетіп,  қиялдағы  нәтижесін  алады.  (Ойын 

міндетінің 

практикалық 

нәтижені 

алуға 


бағытталған 

практикалықтан айырмашылығы осында.) 




372 

 

Өмірінің  екінші  жылында  сәби  келесілерге  үйренуі  тиіс: 



түрлі  ойын  әрекеттерін  орындау  (қуыршақты  ұйқтатуға 

жатқызу,  оны  тамақтандыру,  бесік  арбада  серуендету,  тамақ 

пісіру,  машинада  ойыншықтарды,  жүкті  тасу  және  т.б.),  ойын 

әрекеттерін  бірінші  сөз  қолданыстарымен  толықтыру  немесе 

алмастыру («Ляля ұйқтай ғой»; «Ляля қолын жуды»). Балаларға 

ойнау үшін әртүрлі материалды ұсынады: бейнелі ойыншықтар, 

заттар-орынбасарлар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет