384
■
рөлдік мінез-құлық, ол арқылы бала сөзді, заттарды
пайдалана отырып, персонажға тән іс-әрекеттерді еліктеп
көрсетеді;
■
сюжетқұру, ол арқылы бала сюжеттің жекелеген элементтерін
тұтас оқиғаға құрайды.
Ойынды құрудың бірінші тәсілін - заттық-ойын әректтерін
балалар (ерте ме әлде кеш пе) ересекпен жасайтын бірлескен
әрекетте игереді. Басқа екі тәсіл (рөлдік мінез-құлық,
сюжетқұру) ойынның стихиялық даму барысында толыққанды
емес, қарапайым деңгейде қалыптасуы мүмкін.
Тапсырма
1.
Сюжеттік-рөлдік ойынның құрылымын сызбамен беріңіз.
2.
Сюжеттік-рөлдік ойынның мазмұны бала тұлғасының
дамуына неге әсер ететінін дәлелдеңіз.
3.
Сіздің ойыңызша, жас педагог балалардың сюжеттік-
рөлдік оынын басқару кезінде қандай қиындықтарды басынан
кешеді?