С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Театрландырылған ойындарды дамытуға арналған



Pdf көрінісі
бет304/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   396
Театрландырылған ойындарды дамытуға арналған 

жағдайлар 

Театрландырылған  ойындарды  дамыту  үшін  қолайлы 

жағдайлардың арасында келесілерді атауға болады: 

■ 

ерте  жастан  бастап  балаларды  көркем  сөзді  тыңдауға,  оған 



эмоционалды  жауап  беруге  үйрету  керек.  Уілдеу,  еркелету, 

сұрамақтарға,  әзілдерге,  өлең  жолдарына,  сонымен  қатар, 

баланы  сұхбатқа  шақыратындарға  жиі  жүгінген  жөн 

(«»Етікші болды ма? – Болды. – Етік тікті ме? - Тікті); 

■ 

балалардың 



драмаландыруға, 

театр 


әрекеттеріне 

қызығушылығын  тәрбиелеу.    Осы  мақсатта  қуыршақ 

тетарының  персонаждары,  бейнелі  ойыншықтар  балалармен 

сұхбатқа  түсіп,  сахналауларды  ойнайтын  арнайы  жағдаяттар 

тудыру  керек.  Мысалы,  көжек  (тәрбиешінің  қолына  киілген 

ойыншық)    балалармен  танысуға  келді,  оларға  өлең  оқиды 

және т.б. кіші жастағы баллардың ойындарына оларға таныс 

өлеңдердің  сахналауларын  көрсету  ынталандыра  әсер  етеді 

(«Машатай»  А.  Бартонікі,  «Мариша  туралы»  Н.Забиланікі 

және т.б.) (Р. И. Жуковская). Тәрбиеші үш және төрт жастағы 

балаларды  таныс  ертегілерді  ойнауға  тартады.  Театрдың  әр 

түрі  қолданылады:  үстел  үстіндегі,  саусақтағы,  фланелеграф 

арқылы 

драмаландыру. 

Костюмдардың 

элементтері 

(тақиялар,  белдемшелер,  құйрықтар)  мен  атрибуттарды 

(шалқан,  күрек,  Жучканың  үйшігі)  пайдалану  балалардың 

«Шалқан»  ертегісін  ойнауға  үлкен  қызығушылық  пен 

ынтасын тудырады. 

Орта  және  ересек  жастағы  балалардың  театрландырылған 

ойындарға  деген  қызығушылығына  шығарма  мазмұны,  оларды 

театр  жағдайына,  спектакльды  даярлауға  қосу,  сәбилерге,  ата-

аналарға спектакльді көрсету ниеті әсер етеді. қызығушылықтың 

нығаюына  спектакльді  безендіруге,  театр  ойыншықтарын 

әзірлеу,  сахналауларды  құрастыру  бойынша  шығармашылық 

жұмысқа  қатысу  ықпал  етеді.  Қызығушылықты  жақсы 

толықтырушы  болып  театр  туралы  (театрда  сахна,  фойе, 

көрермен залы, декорациялар, оркестр бар), театр өнерінің түрлі 

жанрлары туралы, театр тарихы туралы жаңа білімдер танылуы 




393 

 

мүмкін.  Және  соңында,  мектепке  дейінгі  балалық  шақ  бойына 



қызығушылықты  қызметтің  нәтижелілігін  түсіну  қолдайды, 

сондықтан  әр  балаға  ол  өзінің  өскенін,  қанағат  алатын  жұмыс 

аясын таңду өте маңызды;  

■ 

театрландырылған  ойындарды  жабдықтау  туралы.  Театр 



ойыншықтарын  алу,  ойыншық-бұйымдардықолдан  жасау, 

костюм қорын жасау, декорацияларды, атрибуттерді жаңарту 

қажет. 

Осы 


жұмысқа 

мектепке 

дейінгі 

мекеме 


тәрбиеленушілері  отбасыларының  барлық  мүшелері  қуана 

қосылады.  Әжелер  костюмдерді  жасауға  көмектеседі,  ал 

әкелер құрылымды жасауға кеңес беріп, ыңғайлы переделер, 

көлеңкелі  театрға  экрандар  және  т.б.  жасайды.  Жылына  бір 

рет (наурызда Халықаралық театр күнінде болады) мектепке 

дейнгі  мекеме  залында  көрме  ұйымдастырған  дұрыс: 

педагогтердің,  балалар,  олардың  отбасы  мүшелерінің 

қолымен 


жасалған 

жабдық, 


ойыншық, 

костюмдерді 

орналастыру  керек;  тәрбиеленушілердің  театрландырылған, 

ойындарын көрсететін фотосуреттері бар стенділерді әзірлеу 

қажет.  Балалар  мен  ересектердің  қатысуымен  спектакльді 

көрсету көрмеге жақсы қосымша болады

  театрландырылған  ойындар  үшін  әдеби  шығармаларды 



таңдауға  аса  назар  аударған  жөн.  Ықыласты  балаларға 

түсінікті  моральдық  идеясы,  динамикалық  оқиғалары, 

бөлінген  бейнелі  сипатты  персонаждары  бар  шығармаларға 

берген  жөн.  Көп  дәрежеде  осындай  талаптарға  ертегілер 

жауап  береді.  Ертегілерді  ойнау  жеңіл,  өйткені  олар 

персонаждардың 

қысқаша 

диалогтарына 

құрылып, 

жағдаяттардың 

қайталануынан 

тұрады. 


Ертегілердің 

қаһармандары  белгілі  өзара  қарым-қатынастарға  түседі, 

мұнда  мінездің,  ойдың,  сезімнің  ерекшеліктері  көрінеді. 

Театрландырылған  ойындардың  дамуы  жалпы  алғанда, 

балаларды  көркем  тәрбиелеудің  мазмұны  мен  әдістемесіне, 

сонымен  қатар,  топтағы  білім  беру  жұмысының  деңгейіне 

байланысты.  Театрландырылған  ойындарды  педагогикалық 

басқарудағы  негізгі  акцент  ойын  барысында  емес,  оған 

дайындық кезеңінде жүзеге асады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет