404
Балаларды қозғалмалы конструкциялар орындауға үйретеді,
сондықтан оларды «Демалыс паркіндегі аттракциондар», «Көлік
түрлері» және т.б. тақырыптар қызықтыруы мүмкін.
Өз ойымен құрастыру – құрастырудың күрделі түрі, мұнда
бала барлық мәселелерді өзі шешеді: өз алдына қызметтің
мақсатын қояды,оны жоспарлайды, қажетті материалдарды
жинап алады, ойын жүзеге асырады.
Тәжірибелі педагог, бұл құрастыру түрін ұйымдастыра отырып,
ойдың қалыптасуынан бастайды, өйтпесе балалар өздері
бірнеше рет істеген нәрселерін жасайды. Бөбектерге ол ойды
ақырындап білдіреді: ойыншықты көрсетіп, оған арнап бірдеме
салып беруді ұсынады. Мысалы, матрешка серуенге шықты, ал
аулада шалшық, ол аяғын суламау үшін не салып беру керек?
Матрешка шаршады, отырып демалуы үшін оған не салып беру
керек? Конструктивті ой – түрлендіргіш ой қызметінің нәтижесі
болғандықтан, орта және үлкен жастағы балалармен
әңгімелесу жүргізу ұсынылады; олар серуенге шыққанда қандай
құрылыстарды байқағанын еске түсіруді, әсіресе не ұнады;
ғимараттар бейнеленген фотографияларды, суреттерді қарап
шығу. Әр балаға ойын жүзеге асыруда алдынғы игерген
машықтарын жаңаша қолдануды, өз шығармашылығынан
қуаныш сезінуге көмек беру қажет.
Шарттар
Достарыңызбен бөлісу: