Үлкен жастағы топта балалар қазу тәсілі арқылы құрылыс
салуды үйренеді ( құдық, өзен, арна, туннель, ор). Тапталған құм
төбешікті белгілі мақсаттағы заттақа айналдырады (үй, бекініс,
сарай). Жеке-жеке заттар жасамай, толық кешендер салуға
балалар біріккен ойындарға ұйымдасады ( парк, өзен айлағы).
Фантазия құрылыс материалдарын комбинациялағанда
көрінеді. Мысалы, жылғаға бөгет салған кезде тастар, батпақ,
тақтайшалар; парк салған кезде құммен бірге тастар, кұрғақ
бұтақтар мен шыбықтар (ағаштар орнына) и т.б. қолданылады.
409
Құммен, қармен ойнағанда бала қасиеттер туралы түсініктер
алады, салыстырады, жинақтап қорытады: ылғалды құмнан және
ылғалды қардан ғана салуға болады, құм мен қар – төзімсіз
құрылыс материалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |