С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Мектепке  дейінгі  үлкендеу  балалар



Pdf көрінісі
бет318/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Мектепке  дейінгі  үлкендеу  балалар  бұны  үлкендердің 

қадағалуымен  (ата-ананы  тартуға  болады)  өздері  жасайды. 

Балаларды  қар  мүсіндеу  мен  архитектураға  қызықтыру  үшін, 

оларды  Вьюговей  мерекесімен  (соңғы  жылдары  халықаралық 

мереке ретінде, Мәскеуде де өткізіледі) таныстыру пайдалы.  

 Тапталған  қардан  кірпіштер  кесіп  жасап  және  оларды 

ғимараттар, қоршау салуға және т.б. қолданады.  

 Мектепке  дейінгі  үлкен  балалар  төбешік  жасауға  қатысады. 

Оның  негізіне  жәшіктер  қойып,  ал  бетін  баттауға  тақтайларды 

қолдануға  болады.  түрлі  материалдарды  комбинациялау 

бастаманы  (инициативаны),  тапқыштықты,  шығармашылықты 

дамытуға стимул болады.  

Қалалық  мектепке  дейінгі  мекемелерде  құммен  ойнауға 



408 

 

арналған  жағдайлар  үнемі  жасалған  болмайды:  құм  аздау, 



жағдайы  нашар  (кір,  құрғақ),  құмқұйған  қораптар  тар,  сәйкес 

ойыншықтар  аз  және  т.б.  құммен  ойнайтын  ойындар  негізінен 

құмды жағажайларда, өзен жағасында жүреді. 

Балалар қуана қамалдар мен бекіністерді салады, арналар мен 

терең  құдықтар  қазады,  құм  мүсіндері  бар  парктар  мен  бақтар 

өсіреді. Құм – төзімсіз құрылыс материалы: сәл күн қызса, жел 

соқса  болды:  сарай,  бекіністер  тозды,  мүсіндер,  қоршаулар, 

орлар  сусып  шашылды!    Ал  кішкене  жасаушылар?  Олар 

қайтадан  жұмысқа  кіріседі!  Міне  қайда  қажырлық,  ерік, 

шығармашылық, өнертапқыштық! 

Баланың  мектепке  дейінгі  шағында  бала  құмнан  құрылыс 

жасаудың  бірнеше  амалдарын  игереді.  Олардың  кейбіреуі 

қармен  жұмыстеген  кездегі  тәсілдерге  жақын.  Педагог 

бүлдіршіндерге дымқыл құмнан сомдауды үйретеді. Қонақтарға 

арналған  ас-шәйдан,  тамақтан  басқа  осы  тәсілдермен  тәрбиеші 

салған  үйдің  айналасына  қоршау  жасауды,  құм  гүлзардың 

борттарын (ернеуін) жасауға ұсынуға болады. Бөбектер сүйсініп 

құмды  қалыптау  тәсілін  меңгеріп  алады.  Тек  ең  бастысы 

қалыптарды  іздеп  табу,  олар  баланың  алақанына  жеңіл 

сиятындай болуы қажет, кішкентай шелектер қосу керек, дайын 

«құйылған  өнімдерді»  жайғастыратын  орынды  сайлау  керек.  

Балаларды  құйған  қалыптарының  формасына,  өлшеміне, 

биіктігіне  қарай  салыстыруға  тартып  педагог  олардың 

сенсорлық тәжірибесін, белгілерін дұрыс атауды үйретеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет