262
танымдық процестерінің дамуы мен толық түсініктердің
қалыптасуы үшін үлкен мәнге ие (ұғыну, еске сақтау, ойлау,
елестеу). Бақылау процесінде баланың түрлі ой-қызметтері іске
асады: қойылған сұрақтарға жауап іздеу, салыстыру. «Егер
оқудың балалардың ақыл-ой дамуына претензиясы болса, оған
олардың бақылау қабілетін жаттықтыруға міндетті» - деген К.Д.
Ушинскийдікі ақиқат.
Бақылаулар арнайы сабақтар кезінде, білім беру қызметінің
процесінде режимдік процестердің барысында өткізіледі.
Мысалы, серуен кезінде педагог балаларға құстарды,
жапырақтардың түсуін, өсімдіктердің өсуі мен дамуын
бақылауды айтады. Педагогтың кезкелген жоспарлабаған
жағдайды
бақылау
үшін
қолдануы
балаларды
анық
түсініктермен жанын байытып, сезімдерін түрлендіруге
(таңқалу, әдеміліктен ләззат алу, т.б.) мүмкіндік туғызады.
Мысалы, бақшаның телеміне бір топ суықторғай ұшып келді,
аспанда кемпірқосақ пайда болды, жұмысшылар веранданың
шатырын жөндеп жатыр және т.б.
Мектепке дейінгі балаларды оқытуда бақылау екі бағытта
дамиды. Бәрінен бұрын, біртіндеп бақыланатын обьектілер
Достарыңызбен бөлісу: