С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет22/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   396
Гностикалық  іскерліктер  (грек  сөзінен    гносис  -  білім)  - 

педагогтің  баланы  (оның  жас,  жеке  ерекшеліктері,    жеке 

қасиеттері,  құрдастарымен,  ересектермен  қарым-қатынастары, 

эмоционалдық  әл-ауқатының  дәрежесі  және  т.б.),  жалпы 

ұжымды  (қалыптасу  кезеңдері,  топ  «белсенділері»,  қоғамдық 

пікірдің  нышандары)  түсіну  іскерліктері.Баланы  түсіну  –  оның 

ішкі  әлемінің  негізі.  Ол  педагогке  мінез-құлық  себептерін 



29

 

түсінуге,  тәрбиелеу,  оқытуды  жетілдірудің  жолдарын  көруге 



мүмкіндік  береді.  Зерттеу  нысаны  отбасы  да  болу  керек. 

Педагогке  отбасының  тәрбие  беру  мүмкіндіктерін,  атап 

айтқандабаланы  тәрбиелеуге  деген  көзқарасты,  екі  ата-ананың, 

отбасының  басқа  да  мүшелерінің  қатысу  шегін;  отбасылық 

микроклиматтың ерекшеліктерін және т.б. білу қажет. 

Балаларды, олардың отбасыларын тануда педагогтік мақсатқа 

бағытталған  бақылаулар,  әңгімелесулер,  (күн  тәртібі,  үй  еңбегі, 

кітапты  оқу  туралы)  ата-аналардың,  балалардың  әңгімелері, 

отбасыларына 

бару, 


бірлескен 

мерекелер, 

балалардың, 

педагогтер  мен  ата-аналардың  еңбек  қызметі  көптеген  құнды 

дүниелер береді. Жекелеген жағдайларда балалардың дамуында 

белгілі  бір  ерекшеліктерді  анықтау  мақсатында  арнайы 

экспериментальды  жұмыс  ұйымдастырылады  (балалардың 

Туған  жері  туралы  көзқарастарын  қалыптастыру,  мәдени-

гигиеналық  дағдыларының    қалыптасу  деңгейін  зерттеу  және 

т.б.). 


Гностикалық 

іскерліктер 

басқа 

тәрбиешілердің 



педагогикалық  тәжірибесін  (журналда,  кітапта  жарияланған, 

тікелей  бақыланатын)  зерттеу  барысында  білім  беру 

жұмысының 

әдістерін, 

тәсілдерін 

үйрену 


мақсатында 

пайдаланылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет