300
Қоғамдық өмір бала ойындарының мазмұнын анықтайды
және мақсатты педагогикалық әсерімен, қоғамның моралдық
құндылықтарына сай тұлғаны қалыптастырады. Ойнап отырған
балалардың ойлары мен сезімдері, олардың тәртібі, бір-біріне
қарым-қатынасы ойын мазмұнына тығыз байланысты болады.
Ойын барысында қоршаған ортаның оқиғаларын бейнелеу
арқылы бала оның қатысушысына айналады және белсенді
әрекет ете отырып әлеммен танысады. Бала ойын кезінде
қиялдаған нәрселерінің барлығын шынайы түрде басынан
өткізгендей болады. Ойынның оң және теріс мысалдары арқылы
тәрбиелік әсерінің күші ойнап отырған баланың дәл осы
шынайлылығында. Әдетте бала өзіне қатты әсер еткен
оқиғаларды ойын кезінде көрсетеді, сондықтан кей жағдайда
теріс құбылыс немесе факт бала ойынының тақырыбына
айналуы мүмкін. Яғни балалар ойындарына басшылық ету
мәселесі аса маңызды болып табылады. Баланың қоршаған
ортадан алатын әсерлерінің шығармашылық өңделуіне бейнелеу
Достарыңызбен бөлісу: