ескеру өте маңызды. Сонымен қатар, педагог А. Н. Леонтьевтың
298
Қызмет - ол реакция емес, реакциялардың жиынтығы да емес,
ол өз құрылымы, өзіндік ішкі ауысымдары, өзіндік дамуы бар
жүйе. Молярлық бірлік дегеніміз не? Ол әрекет ету жеке-жеке
құрылымдық компоненттерден құралатынын, әр компоненте
қызметтің жеке ерекшелігі болатынын білдіреді. Баланың
қандай -да бір затпен айналысып отырған кезде, оны
құрастырып немесе бөлшектеп отырғандығын көруге болады.
Бұл қандай қызмет екендігін білмей жатып біз баланың
мұнысын заттық қызметке жататындығын толық сеніммен айта
аламыз. Бірақ қызметтің аддитивты емес, яғни баланың бір іс-
әрекетінен оның бұл істі толық меңгеріп кеткендігіне сенуге
болмайды. Осы екі ерекшелікті педагог есте сақтауы қажет,
өйткені кейбір жағдайларда тәрбиеші баланың бір іс-әрекетінен
оның белгілі бір істі толық меңгеріп алғандығы туралы
қортынды жасауы мүмкін. 2,5 жастағы бала қуыршағын алып
оны тамақтандырады, осы кезде тәрбиеші оның ойын әркеттерін
меңгеріп алғандығын айтады. Алайда, бала тек қана кейбір жеке
әрекеттерді біледі, олар өз кезегінде ойынға қатысы жоқ болуы
мүмкін. Осындай шапшаң қортындылар мен пікірлер
тәрбиешінің баланың іс-әрекетіне жеткіліксіз көңіл бөліп,
асығыстықпен
баланы
басқа
қызмет
түріне
аударады.Тәрбиешінің мұндай қателіктері ойынның ролін толық
бағаламай, ойынды оқыту қызметіне аудару кезінде орын алады.