310
ғарыш туралы және т.б. тақырыптар көп болады. Балаларды
қоршаған әлем қызықтырады, олар оның қалай қызмет ететінін,
қалай пайда болғанын және т.б. білгісі келеді. Бала белгілі бір
сұрақтарына жауапты кітаптан таба алатынын білсе де, ол
ересекке білімнің жанды және «сенімді» қайнар көзіне ретінде
тартылады.
Осы
жастағы
балалардың
танымдық
қызығушылықтары ойын кезінде жүзеге асырылады, осы
кезеңде ол жетекші қызметтің рөлін атқаратыны белгілі. Алайда
ересекпен қатынас жасаусыз танымдық мотивтер бойынша
ойынның өзі жүзеге асырыла алмайды. Сондықтан қатынас
жасаудың атаулы түрі бала дамуының осы кезеңінде жетекші
болып саналмаса да, баланың жалпы дамуы үшін, дүниенің
субъективті бейнесін жасау үшін және басқа да қызметті дамыту
үшін маңызды.
Жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрі. Мектеп
жасына дейінгі кезең аяғында кейінірек мектеп жасында
дамитын және одан әрі жеткіншектің іс-әрекетінің жетекші түрі
болып табылатын – жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас
жасау формасы пайда болады.
Осындай қарым-қатынас жасаудың мотиві болып ересек,
оның тұлғасы табылады. Баланы енді ересек не істей алатыны
ғана емес, ол қалай өмір сүретіні, оның отбасы бар ма екен, ол
билей, ән айта алады ма және т.б. қызықтырады. Бала ересектің
тұлғалық іскерліктерін бағалай бастайды, оның бағалағанын
тыңдап, өзіне берген бағаға ренжімейді, қайта ересектің берген
кеңестерін тыңдай бастайды. Бұл өте маңызды, өйткені ересекке
деген осындай ұстаным ересекті тыңдай білу іскерлігінің пайда
болуына, тапсырманы орындауға қатысты берілген оның
нұсқауларына құлақ түруге ықпал етеді, ал ол болса, білім алу
үшін аса қажет.
Егер бала мектепке ауысқан кезеңде жағдаяттан тыс-
танымдық қарым қатынас жасау түрінде қалса, онда оған оқу
қиынға түседі. Ол ересектің ескертулерін ренжішсіз ести
алмайды, ол өзіне қызықты тапсырмаларды ғана жеңіл орындай
311
алады. Сондықтан баланың мектеп даярлығы туралы сөз
болғанда, балада жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау
түрі қалыптасты ма, соған назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: