Осы қарым-қатынас жасау түрінде бала назарының негізі
болып ересек саналады. Осындай жағдай бала жағдаяттық-
тұлғалық қарым-қатынас жсау түрін игере бастаған бірінше
кезеңде де болған. Сол кезде де басты назарда ересек болды.
Алайда ұқсас болғанымен, қарым-қатынас жсаудың екі түрі
бір-бірінен
сезіну
дәрежесімен,
қатынас
жасаудың
көрінісімен, қатынас жасау мәнін түсінумен біршама
ажыратылады.
Қарым-қатынас жасаудың дәл осы түрі бала мен ересектің
өзара қарым-қатынасының сипатына, баланың адамзат қоғамына
деген қызығушылықтың дамуына маңызды әсер етеді.
Жағдаяттан
тыс-тұлғалық
қарым-қатынас
жасау
түрі
балалардың тәрбие беру әрекеттеріне сезімталдықты көтереді
және ересектердің айтқан ақылдарын саналы түрде тез
қабылдауына ықпал етеді. Осы қатынас түрі мектеп жасына
дйеінгі балалардың ойындарының мазмұнына да өз әсерін
тигізеді, мұнда ойын кезінде назарын көбірек заттық әрекеттер
емес, адамдар арасындағы өзара қатынастың сипатына
аударады.
Жағдаяттан тыс-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің
дамуы арқасында бала өзін адамзат тегінің өкілі ретінде талдай
білуге уйренеді, ол болса, өзіне-өзі талдау жасау мен өзін-өзі
бағалаудың дамуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |