С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет263/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

326 

 

 



Бесінші бөлім 

 

 

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ  



 

 

XVIII ТАРАУ 



ОЙЫН ТЕОРИЯСЫ 

 

 

Адамзат тарихындағы ойын 

 

Балалық шақта ойын ерекше қызмет ретінде жанданады және 

адамды  бүкіл  өмірінде  ере  жүреді.  Ойын  мәселесі 

зерттеушілерді  қызықтырғаны  да,  қызықтырып  келетіні  де 

таңданарлық  жайт  емес,  сонымен  бірге  педагог  және 

психологтардың ғана емес, философ, әлеуметтанушы, этнограф, 

өнертанушы,  биологтардың  да  назарын  аударды.  Ғылыми 

салалардың  өкілдерін  ойын  бойынша  «өздерінің»  аспектілері 

ғана  қызықтырды,  бірақ  барлығы  да  «ойын  –  адамзат 

мәдениетінің ажырамас бөлігі» деген пікірге келіседі. 

Қазіргі теорияда ойынның тарихи шығу тегі туралы сұрақ ең 

басты  мәселелердің  бірі  болып  табылады,  себебі  оның 

табиғатын, негізгі мәнін ашады. Күні бүгінге дейін биологиялық 

себептер  түрткі  болатындықтан  (түйсіктер,  құштарлық), 

тұрақты, тарихтан тыс сипатқа ие ойынды қызмет түрі ретінде өз 

көзқарастарын 

білдіреді. 

Мұндай 


пікірлердің 

қанағаттанғысыздығын тек әртүрлі тарихи дәуірде ғана емес, бір 

кезеңде, 

түрлі 


мәдени, 

экономикалық, 

географиялық 

жағдайларға  байланысты  өмір  сүретін  балалардың  мазмұны 

жағынан ерекшеленетін ойынының өзі жоққа шығарады. 

Қазіргі  ғалымдардың  көпшілігі  ойынды  қоғамның  дамуының 

белгілі  бір  сатысында  қалыптасқан  қызметтің  ерекше  түрі  деп 

түсіндіреді.  ХХ  ғасырдың  басында  зерттеушілер  адамзат 

тарихында  бірінші  пайда  болған  еңбек  пе  әлде  ойын  ба  деген 



327 

 

сұрақтың  жауабын  табуда  ынтымақтастық  жоқ.  Ойын  еңбектен 



бұрын  пайда  болған  деген  тұжырымдар  да  айтылды.  Алғашқы 

рет  «ойын  –  бұл  еңбектің  туындысы»  деген  қарама-қарсы 

тұжырымын  неміс  психологы  және  философы  В.Вунд  ұсынды, 

кейінірек  бұл  көзқарасты  орыс  философы  Г.В.  Плеханов  өзінің 

«Адрессіз хат» деген еңбегінде ары қарай дамытты (1912).  

Г. В. Плеханов адам қоғамында өнердің шығу тегі мәселесін 

зерттеген.  Ол  ойын  көп  ғасырлық  тарихы  бар  және  алғашқы 

қауымдық қоғамда өнердің басқа түрлерімен бірге пайда болған 

деген  пікірге  келеді.  Осылайша  Г.В.  Плеханов  өнер  мен 

ойынның  генетикалық  ортақтығын  ерекше  баса  айтты.  Г.В. 

Плехановтың  пікірінше,  қоғам  тарихында  еңбек  ойынның 

алдында  болған,  оның  мазмұнын  анықтаған.  Тамақ  табу,  өз 

алқаптарын  қорғау,  тұрғын  үйін  күтіп  ұстау  және  т.б. 

қажеттіліктерімен  байланысты  өмірлік  мұқтаждықтар  адамды 

еңбекке  мәжбүрлеген.  Еңбек,  аң  аулау,  көршілес  тайпалармен 

соғыс – барлығы қуаныш, рақаттану, күйініш сезімдерімен бірге 

ілесе  жүрген.  Қандай  да  бір  қызметте  көрсетілген  ептілік, 

тапқырлық,  күш-қуаттан  байқалған  сезімдерді  қайтадан  бастан 

өткізуге деген тілек, ықылас алғашқы қауымдық адамды кәделі 

ойындарға,  билеуге,  әндер  айтуына  түрткі  болған.  Осылайша 

қоғам  тарихында  еңбек  өнер  мен  ойыннан  ерте  пайда  болған: 

алдымен  егіншілер  еңбегі,  аң  аулау,  соғыс  болған,  содан  кейін 

бұлар  билеуде,  өлеңдерде,  драмалық  және  бейнелеу  өнері 

элементтерінде көрініс тапқан. 

Алайда  жеке  адамның  өмірінде  ойын,  Г.В.  Плеханов 

пікірінше,  еңбек  алдында  болған.  Ойынның  әлеуметтік  мәні 

осында:  «тайпалардан  тайпаларға  мәдени  жетістіктерді» 

тапсыратын  құрал  болып  қызмет  етеді,  балаларды  еңбекке 

дайындайды.  Г.В.  Плеханов  ойын  өзінің  мазмұны  бойынша 

әлеуметтік, себебі балалар айналада не көргендерін, оның ішінде 

ересектердің еңбектерін бейнелейді. Адамзат қоғамында еңбекті 

еркек  және  әйел  міндеттері  және  түрлеріне  жіктеу  ерте 

қалыптасқандықтан, ұл-балалар және қыз-балалар ойындарында 



328 

 

өздері  жататын  жыныс  өкілдеріне  еліктеген.  Г.В.  Плеханов  ұл-



балалар  және  қыз-балалардың  түрлі  ойындары  олардың 

жыныстық  түйсіктерімен  анықталады  деп  есептеген  өзінің 

замандасы неміс психологы К.Гросқа қарсылық білдіре отырып, 

әлеуметтік  себептерін,  атап  айтқанда  қоғамда  ересек 

адамдардың  жыныстық  белгісі  бойынша  еңбекті  бөлуді  алға 

тартады. 

Г.В.  Плеханов  пікірлері  ғалымдардың  жаңа  буындарының 

еңбектерінде,  ең  алдымен  «баланың  келесі  еңбек  қызметін 

алдын  алатын  ойын  қызметі  әрқашан  болды  ма?»  деген  сұрақ 

толғандырған  психолог  және  педагогтардың  еңбектерінде 

жалғасын тапты.  

Д.Б.  Эльконин  этнографиялық  материалды  талдау  негізінде 

рөлдік  ойындардың  тарихи  пайда  болу  және  дамуы  туралы 

болжам  ұсынған.  Оның  пікірінше,  адамзат  қоғамының  тіршілік 

ету таңында балалар ойыны болмаған. Еңбектің өзінің және оған 

қажетті  құрал-саймандардың  қарапайымдылығына  қарап, 

балалар  ересектердің  жұмысына  өте  ерте  қатысқан  (жемістер, 

тамырсабақтарды жинау, балық аулау және т.б.). 

Еңбек  құралдарын  күрделендіру,  терімшіліктен  аңшылыққа, 

мал  шаруашылығына,  егіншілікке  біртіндеп  өту  қоғамда 

баланың орнының өзгеруіне алып келді: балдырған ересектердің 

жұмысына  тікелей  қатыса  алмайды,  себебі  ол  дағды,  білім, 

тәсілқойлық,  ептілікті  және  т.б.    талап  етті.  Ересектер  еңбек 

әрекеттерінде  (садақ,  найза,  арқан)    балалардың  жаттығулары 

үшін  ойыншықтар  жасай  бастады.  Баланың  еңбек  құралдарын 

қолдануға  қажетті  дағды  және  машықтарды  игеретін  ойын 

жаттығулар  пайда  болды,  себебі  ойыншықтар  олардың  үлгісі 

болды  (кішкентай  садақтан  нысанаға  тиюге  болады,  кішкентай 

кетпенмен – жерді қопсытуға). 

Одан  кейін  түрлі  кәсіптердің  пайда  болуымен,  техника, 

еңбектің  күрделі  құралдарының  дамуымен  ойыншықтар 

олардың  үлгілері  болудан  қалды.  Олардың  сыртқы  түрі  еңбек 

құралдарын  еске  түсіргенімен,  қызметі  жағынан  олай  болмады 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет