335
үстінде жүретін және гуілдейтін машинка ойыншық болады).
Бұл қабілеттің арқасында балалар ойында орынбасар заттарды,
символдық әрекеттерді (ойдан шығарылған шүмектен «қолды
жуды»)қолданады. Ойында орынбасар-заттарды кең қолдану әрі
қарай балаға алмастырудың басқа түрлерін, мысалы оқуда қажет
болатын модельдер, схемалар, символдар және белгілерді
қолдануына мүмкіндік береді.
Осылайша, ойында қиялдау түпкі ойды анықтауда, сюжетті
ары қарай дамытуда, рөлдерді ойнауда, заттарды алмастыруда
көрсетіледі. Қиялдау балаға ойынның шарттарын қабылдауға,
жалған ситуацияда әрекет етуге көмектеседі. Алайда бала
ойындағы қиял мен шындықтың арасындағы шекті көре
алмайды, сондықтан «жорта», «сияқты» «шынында бұлай
болмайды» деген сөздерге жүгінеді.
Достарыңызбен бөлісу: