Білімқұмарлар үшін
Балада қанша ойыншық болуы керек? Көп болған сайын, жақсы болады
деген пікір тараған. Көптеген отбасылар ойыншықтарға көп қаражат
жұмсайды. Әлеуметтанушылар әр елдерде дұрыс емес үрдіс қалыптасып
жатқанына алаңдайды: балаға ойыншық алумен ересектер өзінің жоғары
әлеуметтік мәртебесін, өз әл-ауқатын көрсетеді. Әлеуметтанушылардың
алаңдаушылығымен психологтар бөліседі. Олар оқиғалардың осылайша
дамуы өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарының төмендеуіне
әкеледі деп қауіптенеді. Ғалымдар балада ойыншық қанша көп болса да, ол
оның ішінен 2-3 таңдайды, олар сәбиге дос болып кетіп, басқаларының
барлығын алмастырады. Сондықтан балада ойыншық көп болмағаны дұрыс,
алайда олар бұған адамдарға сияқты – ықыласымен және сүйіспеншілігімен
қарауы керек.
|