С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет336/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Білімқұмарлар үшін 

50  жылдан  астам  уақыт  бұрын  LEGO  дат  фирмасы  жаңа  буындағы 

конструкторды  шығарды.  Конструктордың  негізін  түрлі  көлемдегі  және 

дөңестенген  цилиндр  кнопкалары  бар  кубиктер  құрады.  Шыққан  күнінен 

бастап 


дат 

конструкторлары 

педагогтардың 

назарын 


аударып, 

балабақшаларда,  бастауыш  мектептерде,  түзету  орындарында  кеңінен 

пайдаланыла  бастады.  Балабақшаға  арналған  алғашқы  жинақтар  1961  жылы 

шықты.  LEGO  фирмасының  басқа  педагогтармен  ынтымақтастығы 

(Ұлыбритания,  АҚШ,  Австрия,  Голландия  және  т.б.)  оларды  қоллану 

бойынша әдістемелік құралдары бар арнайы білім беру жинақтарын шғаруға 

мүмкіндік  берді.  Бүгін  мықты,  анық  боялған  кубиктермен  бірге  кішкентай 

адамдар, доңғалақтар, түрлі қосымша арнайы бөлшектер ұсынылады. Абрлық 

материалдар  өте  қызықты  болса  да,  бір  модельді  ғана  құруға  емес,  тұрақты 

тақырыптық  жоба  жұмысын  жасауға  шақталған.  Элементтердің  бірнеше 

ондығы контрукциялардың сансыз даналарын құрастыруға мүмкіндік береді, 

соған  қоса,  олардың  кез  келгенін  түрлі  тәсілмен  жасауға  болады.  Әлемде 

яслиде, балабақшаларда, мектептерде LEGO-конструктор пайдаланылмайтын 

бірде-бір  ел  қалған  жоқ,  сондықтан  бүгін  LEGO-педагогика  әлемдік 

қоғамдастығының  қызмет  етуі  жөнінде  айтады.  Және  те,  бұл  педагогика 

адамгершілікке  бағытталған:  LEGO  фирмасы  өз  конструкторларына 

антигумандық,  милитаристік  мазмұндағы  элементтер  мен  бөлшектерді 

енгізуге тыйым салады.   

 



437 

 

ХХ ғ. Еуропа бойында өткен соғыстар әскери ойыншықтарды 



жасауға  қызығушылықты  көтерді.  Әскери  техника,  қару-

жарақтың  әр  түрі  кең  ассортименте  және  ірі  санда  өндіріле 

бастады.  Балалардың,  әсіресе  ер  балалардың  өміріне  енген 

әскери  ойыншық  күшке  табынуды  нығайта,  адам  өмірінің 

құндылықтары  туралы  түсініктерін  бұза  отырып,  тиісті 

тақырыптағы ойынды ынталандырды.  

Электрондық  өнеркісіптің  дамуы  балалардың  күрделі 

ойыншықтарын  жасауда  жаңа  бағыттар  ашты.  Қашықтықтан 

басқару,  бағдарламаланатын әсері бар  электронды ойыншықтар 

(микропроцессорларда)  пайда  болды.  Сөйтіп,  Японияда  жаңа, 

виртуалды  деп  аталатын  ойыншықтар  пайда  болып,әлемдік 

нарықты  жаулап  алды.  Түрлі  телеойындар,  компьютерлік 

ойындар қарқында таралуда. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет