6
№ 21. Екі санның қосындысы 495 және олардың біреуі нӛлмен аяқталады.
Егер нӛлді сызып тастаса , онда нәтижесінде екінші сан шығады. Осы сандарды
тап.
№
22. Жансая бір сан ойлады, оны 100-ге бӛлгенде нәтижесінде ойлаған
санынан 34,65- ке кем сан шықты. Жансая қандай сан ойлады?
№
23. Тақтада шығарылған есепті Арман дәптеріне кӛшіргенде жақшаны
ұмытып кетіпті: 6 ∙ 8 + 20 : 4 - 2 = 40. Жақшаны орнына қой.
№
24. Екі таңбалы санның бір цифрын сызып тастағанда ол сан 46 есе
кеміді. Ол қандай сан және қандай цифр сызылып тасталды?
№
25. Алғашқы үш цифрының қосындысы 19, ал соңғы үш цифрының
қосындысы 27 болатын тӛрттаңбалы санды табыңдар.
№
26. 1234512345123451234512345 санынан ең үлкен сан қалатындай етіп 10
цифр сызып тастаңдар.
№
27. Бір үштаңбалы санның соңғы екі цифрының орнын ауыстырып
және бастапқы санмен қосындысын тапқанда, нәтижесінде 195-тен басталатын
тӛрттаңбалы сан шығады. Бастапқы санның соңғы цифры қандай болған?
№
28. Арна тақтада екітаңбалы сандарды кӛбейтуге мысал жазды да,
барлық цифрларды ӛшіріп, оларды әріптермен ауыстырды. Сонда мынадай
теңдік шықты:
AB ∙ CD = MLNKT. Арнаның қателескенін дәлелде.
№
29.Аманжол тақтаға екітаңбалы сандарды кӛбейтуге мысал жазды да,
барлық цифрларды ӛшіріп, олардың орындарындағы бірдей цифрларды бірдей
әріптермен, әртүрлі цифрларды әртүрлі әріптермен ауыстырды. Нәтижесінде
АБ • ВГ = ДДЕЕ болды. Оқушының қателескенін дәлелде.
№
30. 3728954106 санынан үш цифрды сызып тастағанда қалған цифрлар
осы ретпен жазылғанда ең кіші сан шығу керек.
№
31. 5 цифрын 5 рет қолданып, арифметикалық амалдар мен
жақшалардың кӛмегімен 0 мен 10 аралығындағы барлық натурал сандарды
қалай жазуға болады?
№
32. Әр бӛліктегі цифрлардың қосындысы тең болатындай етіп,
циферблатты екі бӛлікке бӛліңдер. Бірнеше тәсілін кӛрсетіңдер.
№
33. Әр бӛліктегі цифрлардың қосындысы тең болатындай етіп,
циферблатты үш бӛлікке бӛліңдер.
39
№
89.
15873.
№
90. 46.
№
91. 1
№
92. Жоқ, бұл сандарды 3-ке бӛлгенде 1немесе 2 қалдық қалады
№
93. 435
№
94. 1155, 4155, 7155, 3150, 6150, 9150.
№
95. 6975, 2970.
№
96. 1023457896.
№
97. 12-лік санау жүйесі.
№
98. 7-лік санау жүйесі.
№
99. 5-тік санау жүйесі.
№
100. 6-лық санау жүйесі.
№
102. 2 оқушы.
Достарыңызбен бөлісу: