С. А. Рахимбердинова К. Н. Байдовлетова



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата16.11.2022
өлшемі0,62 Mb.
#50653
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
matematikaly olimpiada esepter 5-7 synytar-bajdovl

 
 
21
№56. Алмаз әр қабатында 6 пәтері бар үйдің 9-қабатында тұрады. Ерназ 
әр қабатында 7 пәтері бар үйдің 7-қабатында тұрады. Олардың пәтерлерінің 
нӛмірі бірдей, олардың әрқайсысы бірінші подъезде тұрады. Олардың 
пәтерлерінің нӛмірі қандай?
№57. Қартазалағыш бір машина бүкіл жолды 1сағатта, ал екінші машина 
45 минутта тазалап бітіреді. Екі машина қар тазалауды бірге бастағанда, 20 
минут ӛткен соң, бірінші машина сынып қалды. Екінші машина неше минуттан 
кейін қарды тазалап бітірді?
№58. Бірді қосу немесе екіге еселеу амалдарының бірін орындау арқылы 
1 санынан 51 санын алу үшін ең аз дегенде неше амал орындау керек?
№59. Соңғы екі санның квадраттарының қосындысы алдыңғы үш санның 
квадраттарының қосындысы тең болатын тізбектес бес натурал санның 
қосындысын табыңдар.
№60. Айдын тақтада 1*2*3*4*5*6*7*8*9=20 теңдігін жазды. (тақтадағы * 
орындарына + және - минус таңбалары белгісіз ретте қойылған). Теңдікте қате 
жіберілгендігін дәлелде. 
№61. Салды кездестіргеннен кейін катер бастапқы бағытымен тағы 
жарты сағат қозғалысын жалғастырды, содан соң бұрылып кері қайтты. Салды 
қуып жету үшін оған қанша уақыт керек?
 
№62. Велосипедші пунктке белгіленген уақытта жетуі тиіс. Егер ол 10 
км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда белгіленген уақыттан бір сағат кешігеді, ал 
егер 15 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, белгіленген уақыттан бір сағат ерте 
келеді. Пунктке белгіленген уақытта келуі үшін велосипедші қандай 
жылдамдықпен жүруі тиіс?
№63. Талғат 24 миль арақашықтықты жүгіріп ӛтуі керек. Ол осы 
арақашықтықтың үштен екісін сағатына 8 миль жылдамдықпен жүгіріп ӛтті. 
Барлық жолдағы орташа жылдамдығы сағатына12 миль болатындай етіп 
жолдың қалған бӛлігіндегі жылдамдығын арттыруға бола ма?
№64. Екі санның айырмасы азайғыштан 17-ге кем және азайтқыштан 9-ы 
артық. Азайғыш пен азайтқышты табыңдар.
№65. Әр ұяшықта қояндар саны әртүрлі болатындай етіп17 қоянды ең кӛп 
неше ұяшыққа орналастыруға болады?


22
№66.Кӛрмеге 25 ит әкелінді.Оның 12-і үлкен, 8-і кішкентай, қалғандары 
орташа иттер. Тек қатысушылардың 10-ы асылтұқымды, қалғандары- аула 
иттері. Аула иттерінің ішіндегі үлкен, орташа, кіші иттердің саны бірдей. 
Кӛрмеге үлкен асылтұқымды неше ит әкелінді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет