24
№93. 30 оқушысы бар сыныптан математикалық олимпиадаға қатысу
үшін екі оқушыны неше тәсілмен таңдауға болады?
№94. Пайда болған сан 15-ке бӛлінетіндей 15 санының оң және сол
жағына бір цифр тіркеп жазыңдар.
№95. Ортаңғы екі цифры 97 болатын және 45-ке бӛлінетін тӛрттаңбалы
сандарды табыңдар.
№96.Жазылуында барлық 10 цифр кездесетін және 36-ға бӛлінетін ең
кіші натурал санды табыңдар.
№97. 3 • 4 = 10 теңдігі қандай санау жүйесінде ақиқат?
№98. 3 + 4 = 10 және 3 • 4 = 15 орындалатындай санау жүйесі бар ма?
№99. 2 + 3 = 5 және 2 • 3 = 11 орындалатындай санау жүйесі бар ма?
№ 100. Мектептің бір мұғалімі сыныбында 100 оқушы және олардың 24-і
ұл бала, 32-і қыз бала екендігін мәлімдеді.Мұғалім қандай санау жүйесін
қолданған?
№101. Бес жәшікте сандары бірдей алмалар жатыр. Егер әр жәшіктен 60
алмадан алса, онда барлық жәшікте алғашындағы екі жәшікте қанша алма
болса, сонша алма қалады. Әр жәшікте қанша алма болған?
№102. Сыныптағы 38 оқушының 16-сы баскетбол, 17-сі хоккей, 18-і
волейбол ойнайды. Спорттың екі түрімен шұғылданатындар: 4-уі баскетбол
және хоккеймен; 3-уі баскетбол және волейболмен; 5-уі волейбол және
хоккеймен. Үш оқушы баскетбол, хоккей, волейбол да ойнамайды. Неше
оқушы спорттың үш түрімен шұғылданады?
Достарыңызбен бөлісу: