Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………………………………………….3
1.Оқу үдерісінің мән-мағынасы……………………………………………………………………………………………………….4
2.Дидактика – оқыту және білім беру………………………………………………………………………………………….
3.Оқу үдерісінің ерекшеліктері…………………………………………………………………………………………………….
3.1.Оқу үдерісінің қызметі…………………………………………………………………………………………………………….
3.2.Оқу үдерісінің құрылымы.……………………………………………………………………………………………………….
3.3.Оқу үдерісінің заңдылықтары………………………………………………………………………………………………
3.4.Оқу үдерісінің принциптері……………………………………………………………………………………………………….
Қорытынды……………………………………………………………………………………………………….
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………………………………………….
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар. Ежелгі және ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында "оқу", "оқу процесі" ең алдымен мақсаты – оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып - үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-әрекетін танытады. Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де,мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік. Зерттеу өзектігі: Оқу үрдісінің мән-мағынасы,ерекшеліктері және маңызы.
Зерттеудің мақсаты: Оқу үрдісінің маңыздылығын жүйелі түрде анықтап тақырыптың шымылдығын ашу. Зерттеу объектісі: Оқу үрдісі. Зерттеу пәні: Оқу үрдісінің құрылымы қызметі,заңдылықтары,принциптері. Зерттеудің міндеттері: тақырыпты ашу барысында өзіме келесіміндеттерді қойдым: - зерттеу объектісінің анықтамасына тоқталып өтіп тақырыпты ашу; - оқу үрдісінің ерекшеліктерін,яғни құрылымын,қызметін,заңдылықтарын,принциптерінқарастыру арқылы тақырыпты ашу. Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процесті құрайтын екі процестің біреуі болып табылады. Ертедегі және орта ғасырдағы ойшылдар «оқыту», «оқыту процесі» деген ұғымдарды «үйрету» деп түсіндірді. Тек ХХғ басында ғана «үйрету», «оқу» деген түсініктер қатар айтыла бастады. Үйрету деп мұғалімнің оқу материалын игеруді ұйымдастыру қызметі болса, оқу - оқушының сол материалды игеру қызметі. Кейін оқыту ұғымына мұғалімнің жетекшілік қызметі, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті деген түсініктер қосылды.
«Дидактика» деген термин гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы оқыту, үйрету дегенді білдіреді. «Дидактика» терминін алғаш рет неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) «оқыту өнері» деген мағынада қолданған. Сол сияқты чех педагогы Я.А.Коменский «бәрін де, барлығын да оқытудың әмбебап өнері» мағынасында «Ұлы дидактика» деген еңбегінде қолданған. Дидактика педагогика ғылымының дербес бір саласы болып табылады. Дидактиканың зерттейтін пәні - білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы. Басқаша айтқанда, дидактика білім беру мен оқыту процесінің заңдылықтары мен ережелерін, мазмұны мен формасын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оның негізгі мақсаты - нені оқыту керек және қалай оқыту керек деген сұрақтарға жауап беру. Дидактиканың негізгі ұғымдары - білім, іскерлік, дағды. Білім деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын тануының нәтижесін, басқаша айтқанда, әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер мен ұғымдар, заңдылықтар жүйесін айтамыз. Іскерлік деп білім негізінде оқушының белгілі іс-әрекетті орындай алу бейімділігін айтамыз. Дағды деп әрекеттің саналы түрде автоматтануын айтамыз. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Іскерлік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екенін көрсетеді. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский. Ол өзінің «Ұлы Дидактика» деген еңбегінде оқытуды жаңаша ұйымдастырудың теориялық негізін салды. Оның идеяларын әрі қарай жалғастырушы швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци бастауыш білім берудің теориясы мен практикасын дамытуда зор үлес қосты. Орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский, қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин бастауыш мектепте ана тілінде оқытуды ұсынып, бастауыш класс балаларына арнап оқулықтар жазған. ХХғ. басында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, т.б. қазақтың ағартушы-педагогтары бастауыш білім берудің мазмұны, оқытудың ғылыми-методикалық негіздері туралы құнды педагогикалық еңбектер жазды. Әсіресе, Ж.Аймауытовты ерекше атап өту керек. «Тәрбиеге жетекші» (1924ж) деген еңбегінде тұңғыш рет дидактикаға қазақ тілінде былай деп анықтама береді: «Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі дидактика деп аталады». Оқыту процесі дидактикалық жүйелерге негізделеді. Дидактикалық жүйелердің түрлері: дәстүрлі, педоцентристік, қазіргі жүйе.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде басты роль мұғалімнің іс-әрекетіне, білім беруге беріледі. Бұл жүйені Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарт сияқты педагогтардың теориялары құрайды.