С. Аманжолов



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі23,04 Kb.
#138187
1   2
Байланысты:
РефератБ

Педоцентристік тұжырымдамада басты роль баланың іс-әрекетіне, оқуға беріледі. Оның негізіне Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің «еңбек мектебі», В.Лайдың «әрекеттегі педагогика» тұжырымдамалары жатады.
Оқытудың мақсаты тәрбиенің мақсатына ұқсас. Егер мақсат болмаса, оқыту процесінің нәтижесі де болмас еді. Сонда оқыту процесі - оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процесс. Оқыту процесінің негізгі мақсаты: мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу. Бұл міндеттер төмендегідей:

  • Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту;

  • Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру;

  • Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру;

  • Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру ;

Оқытудың 3 функциясы бар:

  • білімдік - оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру.

  • тәрбиелік - адамгершілік, ұқыптылық, жауапкершілік, отансүйгіштік, т.б. қасиеттерді тәрбиелеу.

  • дамытушылық - баланың таным қабілеттерін арттыру.

Оқыту процесінде оқушыларға білім берумен қатар, ең алдымен тәрбие берілуі керек. Оқушыларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ақыл-ой, дене, т.б. тәрбие беру міндеті жүзеге асырылады. Соның ішінде оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты.
Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
-білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-
әрекетті іске асыру;
-білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын
дамы уы:
-білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі - оқытудың тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я. A. Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған. И.Ф.Гербарт оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп
тұжырымдады.Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сөл екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық ет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізеледі. Оқыту процесінде П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М.Н. Скаткиннің, И.П. Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет