С. Б. Балшыкеев


Тарау Курстың негізгі түсініктері



Pdf көрінісі
бет4/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

1 Тарау Курстың негізгі түсініктері 
 
1.1 Адам және Құдай 
Адамның табиғи және әлеуметтік қасиеттерін жан-жақты зерттейтін 
арнайы ғылым болған емес және әлі кҥнге дейін жоқ. Медицина, 
психология, әлеуметтану, философия, тарих және кӛптеген басқа да 
ғылымдар осы бір ерекше феномен туралы нақты материалды жинақтайды,
бірақ бҥгінгі таңда ғылым «адам қҧпиясын» ашудан тым алшақ.
Адамзаттың ең керемет ойшылдары «
Адам деген кім?
» деген сҧраққа 
дәлелденген жауаптарды табуға тырысты, дегенмен, осы кҥнге дейін қандай 
да бір қанағаттанарлық жауап табылған жоқ.
Қазіргі таңда адам туралы кӛптеген анықтамалар бар. Олардың 
біразын мысал ретінде қарастырайық.
1.
Адам – «Жердегі тірі ағзалардың ең биік сатысы, қоғамдық-тарихи 
және мәдени әрекеттің субьектісі...». Адамның ерекше қасиеті – еңбек 
қҧралдарын жасай білуі, оны қоршаған ортаға әсер ету ҥшін қолдану 
қабілеттілілігінде; адамның мәні – «барлық қоғамдық қатынастардың 
жиынтығы болуы» 

1


2.
«Еңбек әрекетінің субьектісі мен ӛнімі ретінде адам физикалық 
және психикалық, генетикалық шарттасқан және кӛзі тірісінде қалыптасқан, 
табиғи және әлеуметтік шексіз тҧтастықты қҧрайтын жҥйе болып 
табылады» 

2

.
3.
Адам – «Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысы, еңбек қҧралдарын 
ойлап табушы, табиғатты тҥрлендіруші, санасы мен сӛйлеу қабілеті бар
әлеуметтік тіршілік иесі. Ол анағҧрлым дамыған хайуанаттардан 
(приматтар) бас ми қабаттарының орналасуы мен кӛлемі жағынан, тік 
жҥруі, еңбек іс-әрекетінде қолданылатын жоғарғы дене бӛліктерінің еркін 
қозғалуы және басқа да қасиеттері бойынша ерекшеленеді» 

3


4.
Адам – «жан, себебі, оны ӛмір рухы жандандырады»; сонымен 
қатар, тән, себебі ол опасыз; ол рух, ӛйткені Қҧдайға берілгендікті білдіреді. 
Ақырында, ол – дене, себебі ол оны сырттай сипаттайды 

4

.
5.
Библия бойынша адам Қҧдай жаратқан тіршілік иесі болып 
табылады: «Қҧдай адамды Ӛз бейнесіне ҧқсатып, Қҧдай бейнесінде 
жаратты» 

5


Бҧл «бейне» кҥнәға бату нәтижесінде жойылды, сондықтан да, 
христиандық тҥсінік бойынша адамның болмысының мәні - ҧрпақтан 
ҧрпаққа таралатын генетикалық «кҥнәлардың бастамасы» (барлығы – 
кҥнәхарлар) мен одан тәубеге келу мен «қол-аяғын керу» арқылы арылуды 
қамтиды. 
6.
Қҧранда да адам Алланың «топырақтан, содан кейін тамшыдан,
содан соң қою қаннан, содан соң кесек еттен» жаратқан, ақтық соңында 
жҧмаққа немесе тозаққа жеткізетін ӛзінің ӛмірлік бағытын таңдау еркі бар 
тіршілік иесі ретінде сипатталады 

6




10 
Адамның болмысын анықтаудағы кӛптеген тҥсініктемелер мәселенің 
кҥрделілігін, материалистік және діни бағыттағы авторлардың тарапынан 
тәсілдердің әртектілігін дәлелдейді. Егер де алғашқылары адамды ҧзақ 
уақыт бойғы эволюция барысында табиғи жолмен пайда болған 
биоәлеуметтік тіршілік иесі деп таныса, одан кейінгілері сол 
биоәлеуметтілікті қабылдай отырып, адамды Қҧдай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет