С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет41/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   117
(лингама
және
 
оның
 
рухтандырғыш кҥшіне табыну 
байланысты.Кӛптеген жинақтарда Шива бірнеше әйел алғаны жӛнінде 
баяндалады; 
в) Вишну
– бейбітшілікті, тыныштықты сақтаушы. Ӛзінің Лакшми 
атты әйелін шексіз сҥйеді, әр тҥрлі жануарлар мен адамдар бейнесіне 
айнала алады. Рама, Кришна, Будда сияқты кейіпкерлер Вишнудың 
ӛзгертілген, басқа кейіпке енген 
аватары 
болып табылады және оның
 
болмысы ретінде танылады.
Индуизм адамды шексіз қҧрметтеу қажеттігі жӛнінде уағыздайды, 
ӛйткені кез-келген адам мен оның рухани мәнділігі - Брахманың Әлемдік 
Жаны, яғни, 
эманация
(іске асыру) болып табылады. Дәл осы себептерге 
байланысты 
индуизм келесілерді ӛсиет ретінде уағыздайды
: қҧдайларға, 
брахмандарға, гурулерге қҧрмет кӛрсету, оқытушылар мен ҥлкендерді 
сыйлау, ӛз сезімін бағындыра білу, әрқашанда мейірімді қалпын сақтап, 
қҧлаққа жағымды дауыс ырғағымен сӛйлеу. Басқалары қиын кезеңге тап 
болғанда, қол ҧшын беру, балалар мен әйелдерге сыйлық сыйлау, ӛзін-ӛзі 
мықты және еңбекқор болуға тәрбиелеу. 
Индуизмда 
ӛтірік айтуға, балағат 
сӛздер айтуға, ҧрлық жасауға, ауруларды, дәрменсіз адамдар мен ӛзіңнен 
тӛмендерді азаптауға, біреуді теріс әрекеттер жасауға мәжбҥрлеуге, 
қылмыскерлермен қарым-қатынас жасауға, аузын ашып жӛтелуге немесе 
кҥлуге, масайтатын шараптарды ішуге, жезӛкшелерге баруға, ҥлкендердің 
алдында сӛйлесуге және шылым шегуге 
тыйым салынады. 
Кез-келген 
жағдайда ата-аналармен, жҧбайымен, оқытушылармен кеңесу; тағамды 
мӛлшерінен тыс пайдаланбау және ойын-сауықтарды шектеу қажет.
Кейбір жазбалар мен тиым салулардың пайымдауынша, индуизм діні 
адам ӛмірінің кез-келген саласында кездесетін жамандық пен жақсылық 
арасында айқын шекараны бӛледі.
Бҧл дін кӛзге кӛрінетін шынайы дҥние мен кӛрінбейтін рухани 
дҥниенің бар екені туралы оқытады: кейінгісі алғашқысының себепкері 
болып табылады. Адамның міндеті – шынайы әлемдегі кедергілерден ӛтіп, 
рухани биік әлемге жету, сол ӛмірге қанығу. Ҥндістер ҥшін кӛзге кӛрінетін 
дҥние қҧдайлар мен перілерге, ал кӛзге кӛрінбейтін дҥние – бҧрын ӛмір 
сҥрген адамдардың жанымен толысқан.
Осы кӛзге кӛрінетін дҥниеде гуру 
(оқытушы)
ең маңызды орынға ие, 
ол тек киелі кітаптардың мазмҧнын тҥсіндіріп қана қоймай, басқаларды 
ӛзінің ӛміріне, әрекетіне, сӛзіне және сыр сақтауына ҥйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет