Бүгінгі күннің дәйексөзі: «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол- үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.
( Ж. Аймауытов)
Топтау әдістерінің тиімділігі Ұтымды жақтары:
Оқушылардың бір-біріне деген жолдастық, достық қарым- қатынастары дамиды;
2. Оқушылар бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады;
3. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.
Қатынас: жазбаша және ауызша дағдылар, белсенді тыңдаушының дағдылары мен ауызекі тілін пайдалану Өзін-өзі көрсете білу: топ жұмысына белсенді қатысу үшін үстемдік танытпай жұмыс істеу сенімділігі Басқаларды қолдау: топ жұмысына белсенді қатысу үшін үстемдік танытпай, күйзелісті жағдаяттарды басқару Басқаларды қадағалау және басқалар туралы хабардар болуы. Топтың басқа мүшелерін сезіне білу Топтық жұмыс арқылы дамытылатын тұлғааралық іскерлік
Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі
- Сабақты ұйымдастырушы, құрастырушысы
- Ұжымдық іс әрекеттің мүшесі
- Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді.
- Оқушыларды топқа бөледі. - Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді. - Топтық жұмысты бақылайды. - Олардың іс әрекетін белсендіреді. - Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды. - Топтық жұмысқа қорытынды шығарады. • Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады. Топтық оқытудағы мұғалімнің шапшаңдығы (темпі)
Ұжымдық оқытуға қарағанда топтық оқыту уақыт пен шапшаңдықты талап етеді. Егер мұғалімнің қимылы баяу, сөйлеу мәнері монотонды, өз іс-әрекетімен шәкіртін баурап қызықтыра алмаса, сондай-ақ жоспарында саны көп, сапасы жоқ тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер болса, онда уақыт жалған жетпей сабақ өз уақытында бітпей қалады. Шәкірттің тұлға болып қалыптасуына кері әсер әкеледі.